Бүркіт киелі құс

Бүркіт киелі құс

Табиғат бүркітті керемет жыртқышқа айналдырды. Бүркіттің көзі сұңқар, қаршыға сияқты құстардың көздеріндей өте өткір. Мысалы, қыран екі шақырым жердегі қоянды көреді. Мойнын 270 градусқа дейін бұрып, айналасын толық бақылай алады. Бүркіттер ұзақ уақыт бойы аспанда жылы ауаның толқынымен қалықтап, өз жемтіктерін көздейді. Ол желдің қатты толқындарына қарамастан өзін ауада еркін ұстайды. Бүркіт жемтігінің артынан сағатына 240-тан 320 км/сағ. дейін жылдамдықпен самғай жөнеледі. Бүркітті ерте жастан тәрбиелейді: оны ұясынан жаңа туған кезінде алады немесе жабайы бүркіттерді қолға үйретеді. Қырағы, сақ жыртқыш құсты ұстау, сосын оны қолға үйрету оңай шаруа емес. Ол өте батыл, ақылды әрі күшті, айтарлықтай қарсылық та көрсет алады. Жабайы бүркіттерді бағып-қағу және қолға үйрету қиын әрі өте қауіпті, жауапты іс болып табылады, ол ерекше шыдамдылықты, батылдық пен төзімділікті қажет етеді. Себебі әр құстың өзіне тән мінезі бар: бірі қызғаншақ болса, екіншісі қыңыр, жеңілтек, кейбіреуі керісінше ақылды әрі байсалды. Бірақ, бүркіт тектілердің барлық өкілдеріне ортақ қасиет бар – олар менмендік пен өркөкіректік.

Бүркітшілер құстарын жасына байланысты атайды. 1 жылға дейін – Балапан, 2 жасар құсы – қантүбіт, 3 жастағы – тірнек, 4 жыл – тастүлек, 5 жыл – мұзбалақ, 6 жастағы – көктүбіт, 7 жастағы – қана, 8 жыл – жаңа, 9 жасар – майтүбіт, 10 жыл – барқын, 11 жасар – баршын, 12 жыл – шөгел. Бүркітші шеберлігі – жұмбақ құпияларға толы көп қырлы өнер. Бірақ адамға аспан әміршісінің мақтанышын бұзуға көмектесетін негізгі компоненттер – шыдамдылық, табандылық, табиғатты терең білу және де тәжірибе.

Малика Уалих

ан

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *