БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ.

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ.

 

Мольдинова Лаззат Маратовна

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп КММ

Солтүстік Қазақстан облысы.Петропавл қаласы

 

 

Аннотация:

Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат-мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді. Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырған жағдайда ғана сапалы білім беруге ұмтылады. Өркениет көшінен қалмай білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушы білім сапасы артады. Қазіргі ххі ғасы ақпараттық технологияның дамыған дәуірі. Осы тұста болашақтың кемелденуі жолында білімді шәкірттеріміз, елісміздің болашағы болмақ. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін, мұғалімнің үздіксіз білімін жетілдіруі сапалы білім кепілі болмақ. Еліміздің дамуы біліммен және бәсекелестікпен алға дамиды. Мұғалімнің рөлі сапалы білім берудің айғағы. Мұғалім үздіксіз білім алып, өз білімін көтеру арқылы шығармашылықпен жұмыс жасап, болашақ жастарды сапалы білім алуға жетелейді.

Кілт сөздер:

Мұғалімнің кәсіби өсуі, сапалы білім, үздіксіз оқу, өз білімін жетілдіру, бәсекеге қабілетті, ел болашағы, білімді жастар.

 

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озық жүруі тиіс. Білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, бiлiм беру жүйесiнің басты міндеті – өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады» деп, К.Д.Ушинский айтқанындай мұғалім әрдайым білімін жетілдіріп отыру-сапалы білім кепілі болмақ. Бүгінде ғылым мен білімге қояр талап артып, білім беру жүйесі күрделенген заманда қоғамдағы мұғалімдер алдына жүктелер міндет еселене түсуде. Ұстаздардың алдында жай ғана білім беру емес, өркениет көшіне жол бастайтын, ұлттық рухты бойына сіңірген саналы да білімді ұрпақты тәрбиелеу міндеті тұр[1].

Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп пен қоғам алдында тұрған жауапты іс болмақ. Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы тиіс. Себебі, қазіргі жаңалығы мен өзгерістері қарыштап дамыған заманда мұғалім жаһандану көшінен қалып қоймай, заман ағымына ілесіп отыруы керек. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі — білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» — деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер, шығармашыл ұстаз керек. Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» -деген болатын[2].

Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе білім», — деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, еліміздің басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет, саясат жағынан тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті болуын талап етеді. «XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда, ол өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»,-деп Елбасымыз өзінің Жолдауында үздіксіз білім алуға ерекше мән беруі, оның даму үрдісін үнемі қадағалап отыруы, оның нақты дәлелі[3].

Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Мұғалімнің кәсібилігі мен рөлін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды, ұстаздық қызметтің қорытындысы — оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейі алуы керек. Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен рөлін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі –көшбасшылық қабілетінде. Бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім  берудің  сапасы мен деңгейін жан-жақты  көтеруді жаңаша  ойлайтын, оқыту  мен  тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана  білетін ұстаздардың  ғана  жұмысы  жемісті  болмақ[4].

 

Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп,  алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар  оқушылар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады.   Мұғаліммен бірге ең алдымен, оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысуы  керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлестіруге   апаратын сара жол. Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оқу – танымдық үдерісінде «жаңалық» ашу, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде үйренеді,  дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады[5].

 

Мұғалімнің рөлі оқу тәрбие жұмысы барысында шығармашыл оқушыны қалыптастыруға жағымды ықпал ете алады, екіншіден, өзінің кәсібінде үздік нәтижелерге қол жеткізе алады, үшіншіден, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алады. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті[6].

Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанған шыншыл, оқушыларға мейірім мен құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер-өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар. Білім беру жүйесінде мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін түрлі сайыстар, конкурстар, семинарлар мен конференциялар арқылы көтеріп отырады. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін — сабағын шебер де ұтымды, нәтижелі ұйымдастыра білуі. Сабақ – біртұтас жүйе және педагогикалық шығарма. Педагогикалық тәжірибені оқытудың озық әдіс тәсілдерін игеріп, тиімді әдісін таңдап түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіру негізінде жүзеге асыру[7].

 

Өз білімін көтеру негізінде – оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті. Мектеп ұжымы сапалы білім беру жүйесінде оқытуды биік сапалы дәрежеге көтеру үшін еңбек етуде. Мен өз тәжірибемде оқыту мен оқу процесінде жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін сабақ барысында тиімді қолдана білдім. Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолдана отырып, білім сапасын арттыруға негіздедім. Оқушы білімді бар ынта жігермен, ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасау барысында білім сапасы артты. Қазақ елінің болашағы білікті ұстаз бен білімді жастардың қолында. Еліміз өркениет көгінде біліммен қаруланып, биік жетістіктерге жетіп, күллі әлемге танылсын! Еліміз аман, білімді жастарымыз көп болғай![8]

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы.

2.Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы».

3.Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2005-2015 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

4.Маркова А.К.  Кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі /2009

5.Богаева И.Д.   Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік// 2009

6.Қазақстан Республикасы жаңартылған білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2016ж.

7.Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2016ж.

8.Заманауи мұғалім: жаңашыл тәжірибе мен кәсіби дамудың  жаңа бағыттары» республикалық ғылыми-практикалық конференция матариалдарының жинағы. Өскемен, 2013ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *