Тіл дамыту-ой дамыту

Алимбаева Алмаш Иренгалиевна

Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атты әлеуметтік рөлді қабылдауы. Бастауыш сыныпта баланың сөз, ой шеберлігін дұрыс қалыптастырып, оны арттыру өте маңызды. Бұл бастауышта ең басты қаралатын жағдай. Баланың өз ойын айта алмауы ата-ана тарапынан да, қоғам тарапынан да қарастырылатын жағдай. Егер ата-ана баласымен сырласып, әңгімелесіп, ой бөлісетін болса, балада ортаға қажеттілігін сезінеді. Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді дейді И. А. Сухомлинский. Бастауыш білімнің баспалдағы десек, сөйлеу де тілдің тазалығын  талап етеді. Өз тілінде тілі шыққан баланың барар жолы ұзақ басар тауы биік болса керек. Баланы тілі шыққаннан бастап айналамен таныстырып, көп сөйлесіп, назардан тыс қалдырмау қажет. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге келген күннен бастап талап пен жауапкершілікті, ұқыптылықты қоя білу керек. Халқымыз баланы жастан деп бекер айтпаған. Талап бар жерде талант болады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, құрметтеу арқылы оардың жеке қабілетін дамытуға болады. Балаға тіл үйрету отбасынан бастау алып, мектепте одан әрі ғылыми түрде жалғастырылады. Психологтардың зерттеуі бойынша бала өзінің субъект екенін 2, 3, 5 жасында-ақ білдіре бастайды. Ол оның «мен» деген категориясының көрінуінен байқалады. Мысалы: өзім ішемін, өзім киемін. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Ал бұл жұмыстардың құрамдас бөлігінің бір түрі-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жұмыстар. Оқушылыардың сабақтан тыс бос уақытын пайдалануға, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырып, баланың білімі мен ой-өрісін дамытуға, меңгерген тілдік материалдарды іс-тәжірибеде пайдалана білуге, өз бетінше кітаптар мен басқа білім көздерінен ақпарат алуға дағдыландырады. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық ізденңске қызығушылығын арыттырады, таным қызығушылыққа тәрбиелейді. Тіл дамыту сабақтарында мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды орындау барысында болады. Тіл дамытуға арналған ойындар арқылы оқу процесін жандандыруға, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін өз мағынасында қолдануға, жылдам ой қорытуға ойын бірден-бір таптырмайтын құрал. Сонымен қатар мектепке келген балалардың арасында кейбір әріптерге тілі келе бермейтіндер де кездеседі. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда сөзді таза сөйлеп, ширақ айтудағы пайдасы көп. Ұлттық ойындармен дидактикалық ойындарды сабақтарда пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын, сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіреді. Бастауыш сыныптарда тіл дамыту, грамматика тұрғысынан оқушының шығармашылығын, тіл байлығын дамытуға арналған жұыстардың бірнеше түрін көрсетейін.

  1. Сөздің әрбір дыбысынан сөз құрау жұмысы:

(Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиері сөзсіз) Қамқорлық-қамқор, ор, қорлық, лақ, ар, қор, қыр,қал, қора, арық, қол.

  1. Әсем қандай қыз? (сын есім)

Ә-әдемі, әдепті, әділетті

С-сұлу, сүйкімді,сезімтал

Е-епті, еңбекқор, елгезек

М- момын, мейірімді, мәдениетті.

Балаларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерді айтқыза отырып, сын есім туралы түсінігін дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінде сөйлем құрастыру.

Мысалы: Әсем әдемі де, әділетті қыз. Оның сүйкімді қылықтары өте көп.

  1. Салыстыру жұмыстары (тақтаға сиыр суреті ілінеді)

Өзі-ала доптай,

Сүті-балдай тәтті

Көзі-көмірдей қап-қара

Дауысы-поездің дауысындай мөңіреген.

Мұндай жұмыс түрлері арқылы бірден сын есімді меңгерсе, екіншіден салыстыру арқылы сөйлем құрап, сөздік қорын молайтып, салыстыру ұғымы қалыптаса бастайды.

  1. Сөзден сөз жасау жұмысы.

Қарындаштар сөзінен балалар мүмкіндігінше сөздер ойлап жазады.Қар, ақ, тарақ, ана, қарын т.б. Бұл жұмыс баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді.

  1. Берілген дыбыстарға тиісті дыбыстар қосып, буын құрап, сөз жасау.

А,Т,Қ-ас, ат, ақ т.б.

  1. Берілген сөздердің соңғы дыбысына байланысты сөздер тізбегін жасау.

Қасық-қала—, асқабақ; сағыз-зығыр, радио т.б.

  1. Суретпен жұмыс жасау
  2. Мәтінмен жұмыс жасау
  3. Өтірік өлеңдер шығару
  4. Сөзжұмбақтар құрастыру

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *