Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері

Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»
Жүсіпбек Аймауытов.
Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың жеке міндеті. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.Біздің міндетіміз – оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту.
Жаңа технологиялар баланы тек үйретуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады.
Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Оқушыларды ізденіске баулып өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.Олардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Бастауыш сынып оқушылары жаны жаңалыққа құмар, барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады. Сондықтан да жаңа технологияларды бастауыш сыныпқа пайдаланудың маңызы зор.
Бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі
«Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту» технологиясы. Сонымен қатар»Ойын арқылы оқыту»технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды.Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісін тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады.Мысалы сабақ барысында оқушылардың білімін шыңдау үшін
“Адасқан әріптер”,“Қызық сөздер”,»Сөзден сөз тер»,Ғажайып шаршы» т.б.ойын элементтерін жиі қолданып отырамын.
“Адасқан әріптер” ойыны.
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты:Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Мысалы:
Қ, у, о,ы,ш – оқушы
Т, п, і, к, а — (кітап)
І, і, б, л, м- (білім)
М, м, ғ, ұ, а, л, і — (мұғалім)
р, о,б ( бор)
қ, ы, а, з, қ ( қазық)
а, ш, а, ғ ( ағаш)
а, л, а, д ( дала)
к, т, е, р, е, м, е ( керемет)
«Қызық сөздер» ойыны.
Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.

Қолқанат Ішік Есек
Тымақ Қыран Балта
Нағашы Шұлық Қысым
Түс Балта Ұршық
Мысалы: Ішік – кіші
Өз тәжірибемде әр түрлі жаңа технологиялардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға болатынына көзім жетті.
Сабақты әр түрлі әдіс–тәсілдерді қолданып,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде сөзжұмбақ шешу, «Мен бастайын, сен қоста», «Кім жылдам» ойынын, ал үй тапсырмасын тексеруде немесе өткенді пысықтауда «Ыстық орындық» әдісін қолдану арқылы оқушылардың білімін тексеріп отырамын.
«Мағыныны тану» кезеңінде, яғни жаңа тақырыппен таныстыруда «Көр, жаз, тексер» әдісін жиі ұсынамын. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдістің мақсаты: есіктің сыртына жаңа сабақ тақырыбын ашатын мәлімет жазылады. Оқушылар біртіндеп шығып, оқып,есте сақтап,келіп қағазға жазады, соңынан тексереді. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың қорытынды бөлімі «Ой толғаныс» кезеңінде эссе жазу, «Синквейн» стратегиясы»бес жолды өлең» құрастыру,»Артық затты тап»әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.
«Автор орындығы» әдісін шығармашылық жұмыс орындау барысында жүргізіп отырамын. Мысалы тақырыпқа сай ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. Сабақты түрлендіріп өткізу оқушылардың сабаққа деген ынта -жігерін арттырады. Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады. Қабілетті ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалыптастырады.
Сабақ барысында оқушылар»сәйкестендіру,» «Екі» көпіршік» әдісі арқылы салыстыру, топтастыру, теріп жазу. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қою сияқты өздігінен орындайтын тапсырманы да белсене орындайды.
Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақтыда сапалы білім беру.
«Фишбоун» әдісінің тиімділігі берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады.
Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады.
Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады.
Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.
себебі

«Кубизм» әдісі (сұрақтар)

«Бес саусақ» әдісі.
1. «Бас бармақ» — басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» — бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек» — ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» — шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек» — көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөлімінде кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятатын, олардың ой-өрісінің, ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің дамуына дәнекер болатын, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыратын жұмыс түрі-топтық жұмыс. Мысалы «Постер» құру сияқты топтық жұмысты қолдану барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, дәлелдейді , өз ойларын ортаға салады. Пікірлер алмасу кезінде нәтижесінде оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді.
Сонымен бірге сабақтың ұйымдастыру кезеңінен бастап қорытынды бөліміне дейін диалогтық оқытуды қолдану балалардың тілін дамытуда көп көмегін тигізеді. Бұл жұмысты көбіне «НОУ ХАУ» әдісі арқылы өткізу өте тиімді, қызықты.
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда «алты ойшыл қалпақ» әдісі кең пайдаланылады. Сабақ барысында аталған әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз-өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді,көшбасшылық қабілеттері қалыптасады. Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек жаңаша көзқарасқа тым жақын. Сондықтан оқушы қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Қорыта келе айтарым,білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш сынып, сондықтан осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *