«Білім нәтижесіне бағытталған тәрбиешінің шығармашылығы»

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-деген

Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін.Өйткені ұстаз бен тәрбиеші  – мақтан тұтар мамандық. Тәрбиеші мамандығы – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі — өзінше бір әлем. Ал тәрбиеші сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Тәрбиеші  — бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ол мектепке дейінгі білім беру мамандығы . Олай дейтінім, тәрбиеші  еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі тәрбиеленушімен  қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр тәрбиешінің жауапкершілікпен атқаратын міндетінде.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Мен білім беру жүйесіндегі іс жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»; — деп атап көрсетті. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары ұрпақ дайындауымыз керектігін айтты.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, бала  бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне тәрбиешіге келіп тіреледі.

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру орталықтарының алдындағы міндеттерді шешуде тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі басты шарт. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжымның негізгі мақсаты –ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сапасын көтеру. ҰОІӘ  сапасын «қалай?» жетілдіруге болатын жолдарын іздеу, іздене отырып  баланың мотивациясы мен ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай менің тәрбиешілік өмірімдегі өзекті мәселелердің бірі — өз іс-тәжірибеме жаңаша оқыту түрлерін енгізу және дамыту болып табылады.

Бүгінгі тәрбиеші баланың ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз тәрбиешінің ғана қолынан келеді.Тәрбиеші , ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл — әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ күнбе -күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да тәрбиеші әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Балалақшадағы тәрбиеші – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі бала  бойндағы  талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір бүлдіршін  өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті тәрбиешім деп атайды.

Осы тұста Абайдың:        Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-  деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр бала  өмірде бір кірпіш болып қаланып, тәрбиешіден  шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Тәрбиеші  атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр тәрбиешінің борышы. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі үлкен бір тұлға болып қалады.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім  хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Тәрбиешінің  кәсіби құзыреттілігін дамытудың бірден бір құралы –баланың білім  нәтижесін бағалауда жаңа инновациялық тәсілдерді тиімді қолдану болып табылады. Егер бала ҰОІӘ  қызығушылықпен тыңдап , ынтамен жұмыс істейтін болса, бала  өз іс-әрекетін өзі бағалай алатын болса, онда ҰОІӘ сапасы да артады, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндіктер ашылады.

Ол үшін бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогоктік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Тәрбиеші шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Біздер, тәрбишілер , күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, тәрбиеші  мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты тәрбишіге тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

—         Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

—         Қызметке бейімділігі

—         Кәсіптік білімі мен біліктілігі

—         Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

—         Ұйымдастырушылық қабілет

—         Заманға сай жаңашылдық

 

Осындай даралық қасиеттер тәрбиеші бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені — өзіңді-өзің тану.Тәрбиеші  өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы бүлдіршіндерінің  қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» — деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде.

Бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің орны ерекше. Қазіргі заман  шығармашылығы, ізденіс қабілеті дамыған, жаңа технологияларды меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан,тәрбиешіні қажет етеді. Ол — педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сондықтан, мен жаңа ақпараттық технологияны өз сабақтарымда қолданып, оқыту құралы ретінде пайдаланамын.

Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов:«Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды.ҰОІӘ-і барысында жаңа технологияларды қолдану – тәрбиеші жұмысын өнімді, нәтижелі.Ал, тәрбиеленуші білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

Жұмысымның басты нәтижесі – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу.

«Ұстаздан озатын» шәкірттеріңіз көп болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *