«Жанұядағы тәрбиенің балаға әсері»

 

«Жанұядағы тәрбиенің балаға әсері»

Тұлғаның  қалыптасуы ең  алдымен отбасындағы тәлім-тәрбие, өнегеге байланысты. Отбасындағы ересектердің мінез-құлқына, әдебіне , әс-әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланың қандай екенін тану қиын емес. Жас ұрпақты қоғамымыздың  саналы азаматы етіп тәрбиелеу мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті. Жас жеткіншек ұрпақтарды жастайынан іскерлікке, ептілікке, атылдыққа тәрбиелей отырып, жаны мен тәнінің бірдей жетілуіне мән беру қажет. Сондықтан отбасында келеңсіз қасиеттерден аулақ болу үшін ата-аналарға  педагогикалық қағидаларды білуі қажет.

  1. Ата-аналар мына ережелерді, шарттарды  сақтауы тиіс
  2. Баланың дамуына назар аудару;
  3. Баланың ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият танысу;
  4. Баланың білім алуына көмек жасау;
  5. Баланы болашаққа, өмірге даярлау;
  6. Ата-аналар мына шарттарды есте ұстауы қажет

1.Ата-ана бала тәрбиесінде алға  қоятын мақсатты анықтап алғаны жөн;

2.Жақсылықтың үлгі-өнегесін көрсету,жағымды ықпал етуінің басты шарты;

3.Балаға өз мүмкіндігінен артық үміт күтпеу;

4.Отбасында орнаған тәртіп пен әдептілік салт-дәстүрге негізделуі керек.

В.Белинский «Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі» деп бала тәрбиесіне ерекше мән бергені мәлім. Расында да, бала тәрбиесі –қоғам дамуының қандай сатысы болсын  мәнін жоймайтын, әрдайым ізденіс пен жауапкершілікті қажетсінетін мәңгілік мәселе. Сол себепті де білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмыстарын  жүргізу-басты міндеттердің бірі . Әдетте бала мектепке дейінгі және оқу кездеріндегі өсу, даму эволюциясымен өтеді. Міне,сол кездерде кейбір отбасында  тосыннан , ата-анасының сорына, жалқау, өтірікші  ,ұятсыз қылықтарға , бұзақылыққа бейім, адамшылық қасиетке жат басқа да істейтін балалар бар екені анық.

Ата-аналар: « Әкесі мен анасы еңбек ететін біздің отбасымызда еңбекке қырсыз және оқығысы келмейтін  ұл өседі.» немесе «ата-аналарының еңбегімен жұпыны ғана күнелтетін   отбасында дүниені місе тұтпайтын, ойын-той  тұрмысқа , әсемпаздыққа, ойын –күлкіге әуесқой, рәсуашыл қыздың өсу  қалай?» және де  «ауқатты әрі мәдениетті отбасында жасына жетпей, азамат болмай  жатып  сотталатын, бұзақы балалардың, ұрылар мен тонаушылардың пайда  болатыны қалай  болған?» -деп көбінесе таңқалысады. Осындай немесе осыған  ұқсас сұрауларды баланы отбасында тәрбиеленгенде кейбір қиыншылықтарға кездесетін және өзінің тәрбиелік жұмысының  нәтижесі үшін қоғам алдында  жауапты екенін түсінетін  ата-аналар қояды.

Қиын балалармен жұмыс жүргізу дегеніміз -бұл баланың  динамикалық  жеке өсуін  көру, кеше қандай ,бүгін қандай, ертең қандай  болатындығын  бақыла

Қиын балаларды анықтап білудің құрылымдары  мынандай:

  1. Оны мақсат етіп аламыз:
  2. Бақылаймыз;
  3. Ортасын анықтаймыз;
  4. Зерттейміз
  5. Алдын-алу шараларын жүргіземіз
  6. Жан-жақты бағдар береміз
  7. Түзетеміз; Олүшін тәрбие сағаттарын өткізіп, сол балаларды топ белсенділері  қатарына тарту көзделеді.

 

ҚР-ның «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген:   Балалар мен жасөспірімдердің  әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан үнемі кетіп қалуы,сондай-ақ қоғамға  қауіпті  әрекеттер жасауы. Девианттық мінез-құлық  деп қоғамда қалыптасқан  нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз.

Оқушылардың девианттық мінез-құлқының себептері мен факторлары мына жағдайлардан туындайды

1.Әлеуметтік-педагогикалық  олқылықтар.Оларға өзінің  қажетсіздігін сезіну, өзіндік бағасының төмендігі, өзіне-өзі сенімсіздік ,өзін-өзі  бақылау мен өзіндік тәртіптің  жеткіліксіздігі, әртүрлі  жағдайларда өзіндік шешім  қабылдай алмауы, өзіне  және   өзінің сезімдерін  жеткізе алмауы.

2.Терең  психологиялық жайсыздықтар. Олар отбасындағы жағымсыз психологиялық  ахуалдан, баланы  тәрбиелеуде  ұлттық  салт- санада қалыптасқан  этнофункционалдық  ерекшеліктерді мүлдем ескерумеуден, құрбыларымен  өзара қарым-қатынастың  орнамагандығынан  (әділетсіз, дөрекі, қатал) туындайды

3.Психикалық және физикалық денсаулығы дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар –жас ерекшелік  дағдарыстары  және басқ да физиологиялық ерекшеліктерінен пайда болатын мінез-құлықтар

4.Маңызды әлеуметтік және жеке өмірлік жағдай жасалмағандығы, іс-әрекеттердің  пайдалы түрлерімен  айналыспағандығы да кері әсерін тигізеді.

5.Қараусыз қалуы,қоршаған ортаның кері ықпал етуі және осының негізінде дамитын әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуынан байқалады.

Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді. Бала тәрбиесіне отбасының әсер  ету жақтарын үш топқа бөліп қарауға болады

Халқымыздың сан  ғасырдан  бергі даналығына  құлақ  ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген  құдыретті сөздің өлшемі өмірінің  жалғасы  ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі  даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі  ұрпағы  ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында  нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен  дамымайды, үлкендердің үлгісімен  сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге  көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан  келетін  ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне  көмектескен орынды. Тіпті балаға берген

тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін  де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте  еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі  істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға  қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе  әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де,шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен  де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар көп.

«Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан  қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы  жанжал, үлкендердің  аузына келген  сөздерді  айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің  сыртынан  өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында  әке-шеше  үй ішінің үлкендердің әдептілік  танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын  біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан  азғынданған ортада бала, жасөспірім қашаң ғы жиркенішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті  дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде  сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырады. Бұл жағжайда балаға өтірік айтуды үйретіп оырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең,солай өседі ғой. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өміріне  үлкен із қалдырады.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананның басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде  ұсақ –түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса ,өз бақытымызды бағалай білейік.

 

Дайындаған:  № 63 негізгі орта мектептің педагог-психологы :

Мамешова Зульфия Жапашовна

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *