Бейінді оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы сапалы білім беру

А. Б. Тургунбаев, Жетісай ауданы білім бөлімі №10  «Қайнар» мектеп-гимназиясы директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Мектептің барлық оқу жоспары, оқу жоспарының вариативті бөліміндегі таңдау сабақтар оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, бейімділіктерін ескере отырып, бейіндік оқытуға негізделген. Бағыттарына сәйкес оқытылатын курстық пәндердің бағдарламаларын мектептің тәжірибелі ұстаздары құрастырған. Оқушыладың қызығушылықтары мен бейімділіктері ескеріліп, бағыттар бойынша таңдау курстары жүргізіліп келеді.

Бейінді оқытуды тиімді ұйымдастыру, баланың бейімін анықтау бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды бастауыш сатыдан – ақ бастау өз нәтижесін бермек.   1 — 9 сыныптарда бейіналды даярлық жұмыстарын типтік оқу жоспарының вариативті бөлімінен ұйымдастырылып отыр.

Бейіндік білім беруде ұстаз тұлғасының рөлі ерекше.  Тәжірибелі ұстаздарымыз оқушыларға жүйеленіп, өңделген материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырып отыр.

Мектепке өз пәнін дәріптей білетін, тәжірибелі және шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандар жинақталған. Ұстаздарымыздың негізгі жұмыстарының бірі дарынды оқушыларды анықтап, олардың белгілі бір пән бойынша қабілеттілігін дәл тауып, бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын белгілі бір ғылыми жолға қою болып табылады. Осы ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында оқушыларымыз бейінделген пәндерден аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми конференциялардың жүлдегерлері болуда.

Бейінді білім берудің нәтижесі мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытын бітірген оқушыларымыз ЖОО-ның филология, журналистика, халықаралық қатынастар, т.б. факультетіне, сонымен қатар жаратылыстану – математикалық бағытын бітірген оқушылар еліміздегі университеттердің қаржы, экономика, мемлекеттік басқару, менеджмент, мұнай – газ, т.б. салалары бойынша жоғары оқу орындарында өз білімдерін жалғастыруда. Бейінді білім беру оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, өмірлік көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға, өзін – өзі дамытуға, өзін – өзі бағалауға мүмкіндік береді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *