Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты»: тарихи сипаты мен мәні

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік “Орал” газетіндегі ашына жазылған “Ашық хаты”

Бақытжан Бисалиұлы Қаратаев (10.05.1863, Орал – 08,1934. Ақтөбе) – заңгер, Мемлекеттік Думаның 2-шақырылымда Орал облысынан депутаты, Әбілқайыр ханның шөбересі, төре руынан шыққан.

Әкесі Дәулетжан Қаратаевты атасы Сұлтан Бисали Қаратаев асырап алған. 1886 жылы Орынбор гимназиясын бітірген. 1890 жылы Петербург университетінің заң факультетін 2-дәрежелі алтын медальмен бітірді. Кедейшіліктің кесірінен және оқудағы жетістіктеріне байланысты 2-курстан бастап оқу ақысынан босатылып, шәкіртақы алды.

Университетті бітірген соң алдымен Кутаиси қаласында сот орындаушысы, кейін Орал, Торғай облыстарында сот орындаушысы болды. 1905-1914 жылдары Конституциялық-демократиялық партияның мүшесі, оның Орал қырғыз тобын басқарды.

1907 жылы 12 ақпанда Орал өлкесіндегі шетелдік болыстық делегаттардың съезінен Мемлекеттік Думаның 2-шақырылымына депутат болып сайланды. Конституциялық демократиялық фракцияның, сондай-ақ Мұсылман фракциясы мен Сібір тобының мүшесі болды. Ол Думаның хат-хабарларды талдау, сұрау салу, ар-ождан бостандығы және аграрлық

 комиссиялардың мүшесі болды. Ол П.А.Столыпиннің, Қаратаевтың айтуынша, жергілікті халықтардың мүдделеріне нұқсан келтірген қоныстандыру саясатына дәйекті түрде қарсы болды. Жергілікті халықтардың жер мүддесін қорғайтын заң жобасын әзірледі. 1905-1907 жылдары адвокатура болды

 «Жел тұрмаса,шөптің басы қимылдамайды» мәтелі дәл Бақытжан Қаратавтың «Орал»газетіндегі «Ашық хатының» өз жазылу себебі мен мәніне келеді.Негізінен газеттің жазылуына сонау 1906 жылдары Ресей өлкесінде ушыға бастаған аграрлық реформа болды.Қарастыра кететін екінші бір мәселесі өкіметтің қазақ жерінде жүргізіп отырған  жер саясаты көшпелі қазақтарға қиындық туғызып отырғандығы.Қазан жеңісінен кейінгі алғашқы жылдары Кеңестік Қазақстанның астанасы болған Орынборда 1907 жылдың 4 қаңтары мен 27 ақпаны аралығында большевиктердің «Орал» газеті шықты. Бұл газетте небәрі 31 саны жарық көрді. Редакторы Хусейн Ямашев болды. «Жайық» газетінің міндеті пролетариатты топтастыруға шақыру, оның таптық санасының дамуына көмектесу, шаруалар мен қала кедейлігін біріктіру болды.

«Орал» газетінде қазақ еңбекшілері атынан Ресейге, ұлы орыс халқына жолдаған ашық хат жарияланды. Хат авторы шенеуніктердің патша үкіметінің қоныс аударуына, қазақ еңбекшілерін атамекенінен ығыстырып, жерлерін тартып алуына жол берілмейтіндігін әшкерелеп, былай деп жазды: «Біз жоғарыда сипатталған сөздерді орыс халқына дұшпандық ретінде айтып отырған жоқпыз. Орыс халқы біздің жауымыз емес. Ол әу бастан бәріміздің жауымыз, самодержавие». Ол отырықшы қазақтарды үй-жайынан қуып шығуға жол бермей, басы артық жерлерге ғана қоныстануды ұсынды. Шынымен де, кейінірек тарих көрсеткеніндей бұл сaясат көшпeлі хaлықтардың жaғдайын тым нaшарлатты. Байырғы жайлы орындарынан күшпен қуылған қара халық қиын кезеңге ұшырап, мал-мүлкінен де, баспанасынан да айрылды.

Қаһарлы кезеңде шындықты шырылдата айту тікелей өз басын өлімге тігумен тең екенін түйсіне отырып, қайраткер «Ашық хатында» қарапайым халықтың отарлау саясатынан туындаған мұң-зарын қаймықпай жеткізе алған. Жапа шеккен халқына адал қызмет еткен арда азаматтың бұл қайсарлығын елі ұмытпақ

Бұл хаттың авторы Бақытжан Қаратаев болуы мүмкін, деп есептейді профессор Бейсебай Кенжебаев. Өйткені ол 1907 жылы маусымда екінші Думаның мәжілісінде Орал облысының депутаты ретінде сөз сөйлеп, жоғарыдағыларға «ашық хат» жолдаған. Осы орайда Бақытжан Қаратаев та Оралда күнде жарияланған заңның еңбекшілер атынан орыс халқына арнаған авторы бола алады. Өйткені бұл «екі сөз»-дің мазмұны да, тілі де, жазылу стилі де ұқсас. Бірақ оны әлі де зерттеу керек. Сол кезеңдегі Дума жағдайында Бақытжан Қаратаев көтерген мәселеге тоқталайық.Заңгер Бақытжан Қаратаев оның «Депутат мырзалао!» деген сөзіне ашуланып, қазақ халқын көшіру, халықты көрмеу, тіпті санамау саясаты бұл жағдайды әділетсіз деп таниды. Көздің жауын алған әділетсіздік заңгерімізді өршіл рухпен осындай жалынды сөздерді айтуға мәжбүрлейді: «Қалай болса да, жергілікті халықтың мүддесіне есептелмеген қоныс аудару әділетсіз болмасын, ол қашанда қанау ретінде қабылданады. Қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақтар деп аталатындар әлі де дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сондықтан олармен тіл табысуға болады және олармен тіл табысуға болады. оларды зорлауды білдіреді.Бұл ашықхаттың құндылығы сол кезде де, бүгінгі күні де орасан зор. Жалпы, бағзы заманда биліктің айтқанына ешкім сын айта алмас еді. Ашық хат болмағанда, бәлкім, қазір тарих басқаша айтар еді. Өйткені, ашық хатты оқымай тұрып, Столпиннің аграрлық реформасын оқып шықсаңыз, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне көшіру бір ғана дұрыс идея. Неліктен? Өйткені, экстремалды аймақ игеріледі, жер тапшылығы жойылады. Бірақ жердің иесі кім, жердің жағдайы қалай, кім қайда көшіп жатыр, күшті әлсізді қанау сияқты әділетсіздік болуы мүмкін емес деген сауалдар жауапсыз қалды. Ал Қаратаевтың «ашық хатының» мақсаты – осы сауалдарды биліктің құлағына жеткізіп, әрі қарай санасына жеткізу..Халықтың мүддесі көзделмеген қай елде болмасын теріс, қарама-қарсы пікірлер болады. ХХ ғасыр басындағы билік саясаты, біз білетіндей, тек бір ұлттың немесе бір саясаттың мүддесін көздеді. Осы үшеуінде әділетсіздік болды. Бақытжан Қаратаевтың ашық хатын оқи отырып, адамның сондай сауатты, дұрыс сөйлейтінін байқаймыз. Өйткені, қанша әділетсіз болса да, хат олардың адами этикасына сай емес, ешқандай агрессиясыз, мәміле жасау мақсатында жазылған. «Алғыспен жерді шаруаларымызға береміз», «Аграрлық мәселеңізді терең түсінеміз» Қаратаев қолданған жазу тәсіліне сәйкес келетін қазақта «жылы жылы, сөйле, жылан ұясынан шығар» деген мақалы осыдан шығады.

 

Қорыта айтқанда, бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігіне арнаған мемлекет қайраткерлерінің бірінші қатарында жарқын бейнесі халық жадында сақталатын Бақытжан Бисалыұлы Қаратаевтың есімі үнемі аталып өтеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ.Бекхожин “Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі” (1860-1958) Алматы  “Мектеп” 1981

Қ.Бекхожин “Қазақ баспасөзінің даму жолдары”

Ж.Нұсқабайұлы , Қырықбай Аллаберген “Көне басылымдар, құнды деректер, аяулы есімдер» Алматы  “Рауан”  (1997-256 бет)

Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009

                                             ҚазҰу      университеті 1 курс журналистика 

Окен Аяулым

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *