Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың мүмкіндіктері

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың мүмкіндіктері

                              Абдулгазиева Қыздығой Мустафакуловна                                                                       бастауыш сынып мұғалімі                                            А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі

Тәуелсіз еліміздің болашағы – өзгермелі қоғамға жылдам бейімделіп кететін білімді ұрпақ. Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жасалып жатқан білім беру жүйесіндегі реформа өскелең ұрпақты ХХІ ғасыр дағдыларын жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуге негіз болады. Осы орайда, білім беру жҥйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуына ұстаздардың кәсіби шеберлігін ерекшелігі мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Кіші мектеп оқушыларының оқу әрекетін зерттеушілік іс-әрекетімен сабақтастыру — айналадағы ортаны танып білуге бағытталған шығармашылық іс-әрекетке ұласады. Ол оқушылардың зияткерлік және құндылық әлеуетінің өнімді дамуына мҥмкіндік тудырып, олардың танымдық белсенділігін дамыту — оқылатын жаңа материалды игеруге деген қызығушылығын ояту мотивация тудырады, оқылатын материалдың аясын айтарлықтай кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік береді, пәндік және тұлғалық біліктерін қалыптастырады. Белсенді оқытуда, оқушы тек оқу нысаны болып қалмай, тиімді оқытудың белсенді мүшесіне айналады. Мұндай тәсіл оларда табандылықпен шешім қабылдап, дербестікке, өз іс-әрекетіне жауапты болуын қалыптастырады, өзіне сенімділік, мақсатқа ұмтылушылық және басқа да маңызды жеке қасиеттерді қалыптастырады. Оқушылардың «зерттеуші» позициясына айналған осындай қызметі дамыта оқытудың заманауи жүйелерінен жетекші орын алады. Оқушылардың зерттеушілік біліктіліктерін дамыту ҥшін алдына смарт-мақсат қоюды үйрену керек және сол смарт мақсатқа қол жеткізерліктей жағдайды жасаған абзал. Біздің ойымызша, оқушыларда аталған біліктіліктерді қалыптастыру ҥшін оқытудың интербелсенді технологияларын: ақпараттық-коммуникациялық, денсаулықсақтау, тұлғаға бағдарланған оқытуды қолдану қажет. Балалардың ерте жастан зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңартылған бастауыш білім мазмұны бойынша пропедевтикалық пән ретінде «Жаратылыстану» пәні енгізілген болатын. Жаратылыстану кіші мектеп жасындағы балаларға өте қызықты пән. Тек пәнді оқыту әдістемесі дұрыс ұйымдастырылғанда ғана пәндік мақсат жүзеге асады. Қазір елімізде көптеген мұғалімдер біліктілікті арттыру курсынан өтіп, пәнді жақсы игеріп жатыр. Сондықтан біздің елімізде аталмыш пәнді оқыту арқылы оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетіне тарту тиімді. Бастауыш сыныптан бастап оқушының зерттеушілігіне ден қойылуы өте маңызды, себебі, оқушылар зерттеу жұмысына өте белсенді келеді. Сондықтан шығармашылық және өзіндік іс-әрекетінің нәтижелерін талдау, жинақтау және бағалау тәсілдерінің негізі қалануы тиіс. Шығармашылық іс-әрекетінде зерттеушіде жаңа идеялар туындайды. Ол жұмыстың табысты болуына үлкен мүмкіндік болады. Ал зерттеу іс-әрекетінің мотивациясы — бұл мәселені шешудің маңызды жолдарының бірі. Мотивация — әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мҥдделері. Зерттеу іс-әрекеті мотивацияның сенімді факторы болып табылады, себебі оқушыларды белсенді танымға ынталандырады, оқу процесіне оңай тартады, әрбір адам ҥшін болжалды зерттеуде, шығармашылық тапсырмада өз қызығушылығын табу мүмкіндігін ашады. Кіші мектеп оқушылары зерттеу жұмыстарына қатыса алуы үшін, ол өз бетінше ойлай білуі, жұмысты жоспарлап және нәтижелерін болжай білуі тиіс.Бастауыш сыныптан бастап оқушының зерттеушілігіне ден қойылуы өте маңызды, себебі, оқушылар зерттеу жұмысына өте белсенді келеді. Сондықтан шығармашылық және өзіндік ісәрекетінің нәтижелерін талдау, жинақтау және бағалау тәсілдерінің негізі қалануы тиіс. Шығармашылық іс-әрекетінде зерттеушіде жаңа идеялар туындайды. Ол жұмыстың табысты болуына үлкен мүмкіндік болады. Ал зерттеу іс-әрекетінің мотивациясы — бұл мәселені шешудің маңызды жолдарының бірі. Мотивация — әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері. Зерттеу іс-әрекеті мотивацияның сенімді факторы болып табылады, себебі оқушыларды белсенді танымға ынталандырады, оқу процесіне оңай тартады, әрбір адам үшін болжалды зерттеуде, шығармашылық тапсырмада өз қызығушылығын табу мүмкіндігін ашады. Кіші мектеп оқушылары зерттеу жұмыстарына қатыса алуы үшін, ол өз бетінше ойлай білуі, жұмысты жоспарлап және нәтижелерін болжай білуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары сабақта және сабақтан тыс қызметте ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл мұғалімге бұрын белгіленгендерден басқа, оны әр түрлі мақсаттарда барынша пайдалануға мҥмкіндік береді. Осылайша, болашақ бастауыш сынып мұғалімін бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыруға дайындау қажеттігінен тұратын қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім берудің түйінді мәселесін атап өтуге болады. Сондай-ақ, танымға стихиялық талпыныстан басқа, баланың жасы үшін жоғары деңгейде оқу-зерттеу қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір біліктерін қалыптастырудың маңыздылығы туралы педагог О.В.Муромецева өзінің «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың зерттеу белсенділігін ұйымдастырудың жолдары» атты мақаласында кеңінен ашып көрсеткен болатын [3]. Жоғарыда айтылған негіздерге сүйене отырып, жаратылыстану пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдылары қалыптасып, болашақ мамандығын өз бетінше таңдауға мол мүмкіндік береді, ол үшін алдын-ала қарастырылған педагогикалық шартардың болуын қажет етеді деп тұжырымдаймыз. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың шарттарының жіктелуіне байланысты (жағымды психологиялық климат құру, зерттеушілерге ізденуге деген мотивация тудыру, жас ерекшеліктерін ескеру, зерттеушілерді шығармашылыққа бағыттау т.с.с) Қазақстандық педагог Н.Т.Сартаева «Аталмыш педагогикалық шарттар орын алған жағдайда ғана оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру үдерісін табысты жүзеге асыруға болады», — деп тұжырымдайды [4]. Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыруда біздің ойымызша 2-сыныптан бастаған жөн. Мысалы, математика сабағы барысында тақырыпқа сәйкес өзекті мәселені тауып, жаттығуды бірлесе отырып шешу немесе өз бетінше орындау жоспарланады. Тіпті топқа бөле отырып мәселені шешу қызықтырақ болады. Шағын топта бақылау жҥргізіледі. Оны жҥзеге асыру үшін тәжірибе жасау ұсынылады. Ал нәтижелерді салыстырып одан қорытынды шығар жұмыстары жеке орындалады. Топтарда зерттеулер жасай отырып, балалар (күшті және әлсіз) көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндігі бар. Зерттеу жұмысына қатысу оқушылардың табысты оқуға мүмкіндік беретін өзіне деген сенімділікті арттырады. Зерттелінген жұмыстың қорыту — презентация, ауызша баяндама, мақала түрінде болуы мүмкін. Кез-келген жұмыстың нәтижесін шығару үшін ең соңғы деңгейі бағалау жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы келесі зерттеулерді одан әрі тереңінен зерттеуге, ізденуге, жаңаны танып білуге деген ұмтылысты оятады. Сондықтан, оқушылардың жұмысын бағалауда бір нәсенің ара жігін ажыратып алу керек деп ойлаймыз. «Жоғары» баға — бұл қоғамның (сынып, зерттеу тобы мүшелері, ата-ана және т. б.) мойындауы, ал «жақсы» баға — кез-келген қол жеткен нәтижеге лайық екендігін ескеру. Ресей ғалымы Н.Ю.Румянцева өз зерттеулерінде бастауыш сынып оқушылардың мәселені көру, мақсат қоя білу, нәтижесін болжай білу, өзіндік тұжырымы, зерттеу барысындағы дербестік т.с.с қажетті біліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау арқылы олардың жұмыс нәтижесін келесі критерийлермен бағалауды ұсынды:

 · зерттеуді орындаудың тҥрлі кезеңінде өз бетінше әрекет ету деңгейі;

 · топтық жұмысқа қосқан жеке үлесі мен жүктелген жұмысты орындаудағы жауапкершілік деңгейі;

·пәндік және жалпы құзыреттілігін практикада қолдана алуы;

·қосымша жаңа ақпараттар саны мен сапасын;

·мәселені шешудегі идеяның бірегейлігі;

·презентацияны дайындауға шығармашылық тұрғыдан келуі;

·алынған нәтиженің қоғамдық және қолданбалы маңызының болуы [5]. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негізін талдай келе, бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастыруға тиімді келесі шарттарды анықтаған болатынбыз:

— зерттеу мәселесін немесе тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып бастаған абзал. Себебі, оқушының қызығушылығын ескерілсе, жұмыстың нәтижелі жүріунің табысты кепілі болып табылады. — тақырыпты таңдамас бұрын кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек; Кіші мектеп жасындағы балалар жұмысының тақырыптары оқу пәндерінің мазмұнынан не соған жақын мағынада алынуы тиіс. Баланы қызықтырған жоба не зерттеу жұмысының проблемасы оның танымдық қызығушылығы аясында және жақын даму аймағында болуы тиіс. — жоба не бақылау-зерттеуді орындау уақытын мақсатты түрде сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрінде нақты уақытпен шектелсе жұмыс жүйелі жүреді. — әрбір зерттеу қажетті құралдармен: материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік, ақпараттық және ақпараттық-технологиялық ресурстармен қамтылуы тиіс. — тақырыппен жұмыс барысында топсаяхат, серуен-бақылау, әлеуметтік акциялар, түрлі мәтіндік және электрондық ақпарат көздерімен жұмыс, практикалық маңызды өнім мен кең қоғамдық презентация дайындауды (ересектер, ата-аналарды, мұғалімдерді шақырып) да қосуға болады. — рефлексиялық сипатта болуы тиіс. Өйткені, рефлексияға үйрету аса маңызды. Рефлексия кезінде оқушылар өзара және шағын топтарда зерттеу идеясына қатысты кері байланыстар беріп, соның нәтижесінде идеясын толықтырып, нәтижесін шығаруға үйренеді. Австралиялық бастауыш сынып мұғалімі Кетлин Моррис Зерттеу жұмысын жҥргізгенде мұғалім ең алдымен ғаламтордан іздеу жүйесін пайдаланады. Бірақ ол жерден балалар өздеріне қажетті нақты ақпаратты таба алмайды. Мұғалім әрқашанда ашылған парақшаның балалардың психикасына керісінше әсер етуінен қорғалғанына көзін жеткізіп алуы керек дейді. Өз тәжірибесінде Кетлин Морис Kiddle, KidRex, KidzSearch – іздеу жҥйелерін қолданады екен. Бұл сайттардың балалар үшін тиімді әрі танымдық қызығушылығын оятып, әр түрлі жарнамалардан, керексіз ақпараттардан қорғалғанын өз тәжірибесі арқылы көз жеткізгенін айтады [6]. Біздің елімізде де ешбір жарнамасыз тек балаларға арналған сайт www.bilimland, kids.kz қарастырылды. Кез-келген оқушы сайтта тіркеліп, өзіне қажетті ақпараттарды ала алады. Дегенмен, сайт әлі де толықтыруды қажет етеді.

     Зерттеушілік іс-әрекетте мұғалім бағыттаушы, көмекші, кеңесші, бақылаушы рөлін атқарады. Дегенмен, оқушының рөлі жұмыстың әрбір кезеңдеріне қарай өзгеріп отырады. Бірақ, барлық кезеңде де ол танымдық әрекет субъектісі болып табылады. Сондықтан біздің ойымызша, дамыған елдердегідей балаларға арналған іздеу жүйесін құру қажет деп есептейміз. Қорыта келе, «бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, таланты мен дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, өзіндік бірегейлігі мен икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Кіші мектеп оқушыларын зерттеу жұмыстарына тарту олардың шығармашылық қабілеттерін ашып, танымдық белсенділігін арттырады және зерттеу мәселесінің өзектілігін анықтап, мазмұнын терең қарастыруға, нақты мақсаты мен міндеттерін белгілей білу біліктілігіне ие болып, өздігінен шешім қабылдай алуына ықпал етеді. Зерттеу барысында бақылауға, ақпаратты іздеуге қызығушылық білдірген оқушылар орта буын оқуына тез бейімделеді. Оқушылардың кіші мектеп жасындағы қалыптасқан зерттеу дағдылары олардың функционалдық сауаттылығын арттырып, өздеріне өмір бойы қызмет етеді. Ендеше, бастауыш сыныптан оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын табуда дұрыс шешім қабылдай алуына, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу ұстаздар қауымының басты қағидатына айналдыруымыз қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әдістемелік-нұсқау хат/2018-2019 оқу жылы. Астана, 2018

2. Леонтович А.В. В чѐм отличие исследовательской деятельности от других видов творческой деятельности // Начальная школа плюс До и После – 2009

3. Муромцева О.В. Подготовка учителя начальных классов к организации учебноисследовательской деятельности младших школьников//Современные науки и образования.– 2018. – № 4

4. Сартаева Н.Т. Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекеттің жүргізілуі // Молодой ученый. — 2016. — №5.2. — С. 53-56.

5. Румянцева Н.Ю. Организация учебно-исследовательской деятельности младших школьников. — М.: Просвещение, 2001. С. 34.

6. Kathleen Morris. Five tips for teaching students How to research and filterinformation.Postedon.February23,2018.http://www.kathleenamorris.com/2018/02/23/researchfilter/

7. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (бастауышсыныптар) Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,2013. – 66 б.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *