Бастауыш сынып математика пәнінде тез есептеу дағдыларын дамыту

Бастауыш сынып математика пәнінде тез есептеу дағдыларын дамыту

Құдайберген А.К.

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент қ., 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы, 1301-11 тобының студенті.

ayaulym.kumsbekqyzy@bk.ru

Резюме

         Как следует из названия этой статьи, несколько методов быстрых вычислений сгруппированы вместе, чтобы облегчить учащимся вычисления. Исследование, представленное в статье, безусловно, упростит процесс счета и поможет рационально использовать время, а также повысить уровень логического мышления каждого ребенка и укрепить его математические знания.

Summary

         This article, as the name suggests, is a work in which some methods of quick calculation are grouped so that it is easier for students to make calculations easier. The research presented in the article undoubtedly facilitates the course of calculations and makes it possible to use time efficiently, as well as increase the degree of logical thinking and improve mathematical knowledge of each child.

         «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі обьектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, обьектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.

         «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз барлық нәрсе мектептен басталады». Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауларында, мақалаларында білім мен ғылымға ерекше басымдық берген. «Білімді болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» атты мақаласында: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу  біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», — деп жазады Тұңғыш Президентіміз. Білімнің алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасында соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының білімінің дамуында математика пәнінің орны ерекше.

         Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» — деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.Бастауыш сынып оқушыларына тез есептеу дағдыларын дамыту барысында бірнеше әдісін ұсынбақшымыз.

         1.Саусақпен санау әдісі. Бастауыш сынып оқушылары үшін математиканың ең бірінші сабағы санамақпен, сандарды санаумен өтіледі. Балаларға санаудың ең тиімді әдісінің бірі оқушыларға санауды саусақпен үйрету. Саусақтар бірліктер болып саналса, ал буындар ондықтар болып саналады. Бұл әдіс туралы Л.Ф.Магницкийдің «Арифметика» еңбегінде «саусақтар», «буындар» болып кездеседі. Беда Достопочтенный «Уақытпен сану хақында» еңбегінде саусақпен санау туралы бүтін бір тарауын арнаған.

         2.Сандарды жылдам қосу тәсілдері:

         1)Сандардың реттік қосылуы-алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді қосыңыз.

         Мысалы:  16+49+35= (10+40+30)+(6+9+5)=80+20=100

         2) Сандармен амалдардың қасиеттерін пайдаланып қосу. Бұл кезде есептеудің оңай жолын табу керек. Алдымен бір -біріне қосылуы оңай сандарды алып қосып аламыз. Содан кейін ғана келесі сандарды қоса береміз.

         Мысалы: 24+75+16= (24+16) +75=40+75=115

         3) Дөңгелектеу әдісі-дөңгелек сан әдісімен қосу үшін дөңгелек сандарға жақын бір немесе бірнеше сандарды дөңгелектеп, дөңгелектенген сандарды қосып, алынған нәтижеден бұрын қосылған санды алып тастау керек.

         Мысалы: 76+8=76+10-2=84;    55+9=55+10-1=64

         3.Көбейту кестесін жаттаудың оңай әдісі.Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиыншылықтардың бірі ол – көбейту кестесін жаттау. Көбейту кестесін жаттамаған оқушының есеп шығаруға білімі мен білігі жетпейді. Көбейту кестесін жаттаудың да оңай жолдары бар. Мысалы, 9 санының көбейту кестесін жаттаудың және 9 саны кездесетін көбейту есептерін шығаурдың оңай жолдары бар. Ол үшін біріншіден, 9 санын көбейтуден бастап, 1-ден 9-ға дейінгі сандарды жоғарыдан төменге қарай ретімен жазып шығамыз. Екіншіден, 9 санын көбейтуден бастап, 1-ден 9-ға дейінгі сандарды ретімен төменнен жоғарыға қарай жазып шығамыз.

1)9х1=0                                      2)9х1=9                         3)9х1=09

9х2=1                                         9х2=8                              9х2=18

9х3= 2                                        9х3=7                              9х3=27

9х4= 3                                        9х4=6                              9х4=36

9х5= 4                                        9х5=5                              9х5=45

9х6= 5                                         9х6=4                              9х6=54

9х7= 6                                         9х7=3                              9х7=63

9х8= 7                                         9х8=2                              9х8=72

9х9= 8                                         9х9=1                              9х9=81

9х10=9                                        9х10=0                            9х10=90

         4.Саусақпен шапшаң көбейту әдісі.Бастауыш сынып оқушылары көбейту кестесін үйренген кезде бестен үлкен сандарды көбейтуге қиналатыны белгілі. Амал жоқ, кестені көзбен көріп, естерінде сақтап жаттаудан басқа амал жоқ. Алайда көбейту кестесін жаттаудың да тиімді әдістері бар екенін естен шығарып алады. 9-ға көбейтудің мынандай жеңіл әдісі бар.

         Саусақтарды солдан оңға дейін нөмірлеп шығайық.

          Енді 9-ға көбейтілетін санға сәйкес саусақты бүгейік. Сонда бүгілген саусақтың сол жағындағы саусақтар ондықтарды, ал оң жақтағылары бірліктерді көрсетеді. Мысалы, 4х9 болса, төртінші саусақты бүгеміз. Сонда сол жақта 3 саусақ (ондықтар), ал оң жақта 6 саусақ (бірліктер) болды. Яғни, жауабы 36. Бұл әдіс артық есептеуді қажет етпей — ақ, есептерді жылдам шығаруға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.Үйренуге де, үйретуге де жеңіл әдіс. Бұл әдіс ерте заманнан бері келе жатқан әдістің бір түрі болып табылады.

         Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларында математика пәні бойынша қиындықтар кездеседі. Сабақтың 50 пайызы есеп шығаруға кеткенімен, практикалық жағынан есептерді толық шығаруға оқушылардың уақыты жетпейді. Осындай кезде оқушыларға тез есептеулер әдісін үйретіп, есептерді толық шығарып, уақытты тиімді пайдаланамыз.Тез есептеулер әдісі бастауыш сынып оқушыларына уақытты тиімді пайдалануға, математикаға қызығушылығын арттыруға, оңай есептеуге қабілеттерін ашады. Бұл есептеу тек қана оқушылардың уақытына ғана тиімді емес, олардың ақыл-ой дамуына, жылдам шешім қабылдауын, танымдық ойлау қабілеттерін дамтыуға тиімді дағды болып саналады.

Әдебиеттер

1. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2. Akorda.kz. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала;
3. П.С. Сағымбекова, А.С. Тортаева, Э.Ы. Тлеубаева  «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен өтілетін лекция, практикалық және зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы, 5B010200 — Бастауыш окыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, сондай-ак осы пәндi жүргiзетiн оқытушыларға, еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдерге арналған. Тараз, 2016, 234 бет.
4. Перельман Я.И. «Қызықты алгебра» Москва 1994, 208-бет
5. А.Е.Әбілқасымова, С.А.Джанабердиева «Қызықты математика», Алматы 2007.
6. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі: Оқулық. 2 – басылым./Оспанов Т., Құрманалина Ш., Құрманалина С.  — Алматы: Фолиант, 2010. – 468 бет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *