Барлыбектің «Замана шалдары»

Қазақ баспасөзінің дамуына едәуір үлес қосқан «Айқап» журналы түрлі тақырыпқа қалам тербеп, оқырманын тәрбиелік мәні зор мақалалармен таныстырып отырды. Сондай мақаланың бірі Барлыбек Сыртановтың «Замана шалдары»мақаласы. Оның жазылуына қазақ даласында бұрыннан келе жатқан әлеуметтік маңызы зор мәселе негіз болған.

Арада бір ғасырдан астам уақыт өтсе де бұл мақала өз өзектілігін жоймағаны қызық. «Ақырзаман боларда кемпір мен шал жігіттік қылар» деп автор өз заманының адамдарына баға береді. Тарихта.

Мақала диалог ретінде, яғни қазіргі тілмен айтқанда интерьвю жанрында жазылған. Автор ақпаратты тез арада жеткізіп, шапшаңдық таныта білді деп ойлаймыз.

     Бұл мақала қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі әйел құқығымен байланысты. Сол замандағы қыздардың құнсыздығы, өз мүддесін қорғай алмауы, еркектің әйелді құрметтемеуін жеткізеді. Жаман ойламауды, жаман істерге әуес болмауды сөзге тілек етеді. Мақаладағы басты кейіпкер Жұмабай –жас қыздардың арын таптап, теріс іс-әрекетке,надандыққа бейім адам. Жұмабай киіз басуға қыздарды шақырады. Кейін ол қыздарды қонақ етіп,бәрі қайтқан кезде жаман ойын іске асырмақ болып көшпелінің қызына тиісе бастайды. Бірақ не істесең алдыңа сол келеді демекші, көшпелінің қызы мен Жұмабайдың немере қарындасы бірігіп,Жұмабайдың сыбағасын тартқызады.

Түйін сол замандағы теңсіздік, адами қасиет пұлмен бағаланатындығы. Бұл мақала қазіргі қыздардың, әйел адамзатына берер көмегі зор. Тек әйел ғана емес, жалпы адамзатқа жақсылықты ойлауды үйретеді. Тіпті мақаланың арқау еткен атауы да, біраз ойға жетелейді.

Барлыбек Сыртанов кешегі мен бүгінгінібайланыстырғандай. Заманда заман өзгерер, адамдықтың надандығы өзгермес!

                                                                           

Даниал МАХАНОВ,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

Фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *