«ПЕТРОПАВЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖАЙЫНАН» МАҚАЛАСЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ МӘНІ

Алаш зиялылары, оқыған азаматтар қазақ баласының оқуы үшін, білім алып қазақтың жоғалтқанын іздеуге, қазақтың көзін ашуға бар күшін салып, елеулі еңбек жасады. Ұшы қиыры жоқ,мол тарихымыздың айналасына нұр шашып, шуақ болған азаматтарымыз көп-ақ бірақ, олардың қатарында аталмағаны қаншама. Біз бүгін сол зиялы қауымның бірі Мұхамедораз Нұрбаевқа тоқталмақпыз.

Жастарға сенген Мағжанның «Алты алаштың басы қосылса, төр мұғалімдікі» деген сөзі Алаш идеясында мұғалімнің рөлін айқындап береді. Өйткені, олардың жасаған қызметі өзгелерден зор, артық. Мұхамедораз Нұрбаевқа төрден орын алар еңбегі мол. Оның » Көрегенді бала «, «Үлгілі ана», «Қазақи әліппе» еңбектерін жасөспірімнің білім алып, дамуына зор үлесін қосты.

1918 жылы Мұхамедораз Нұрбаевтың «Айқап» журналына «Петропавл қазақтары жайынан» атты мақаласы өнер, білімнің маңызын көрсетеді. Сол кездегі таныммен оқудың маңызын дін негізінде «бисмиллях» сөзімен бастайды. Ұстаз мақаласын сол заманмен қазаргі кезеңнің айырмасын байқаймыз. Парадокс. Ол кезде білімдер мұғалімдер бала оқытатын орын іздесе, қазіргі заманауи мектептер жақсы оқытушыларға іздеу салуда. Орын жетіспегеннен балаларды өз үйінде оқыту нағыз зиялының ұлтқа деген қызметі. «Біреуі жанымен қызмет еткенде,біреуі малымен қызмет ету керек»,-деп Мұхаммедоразша айтқандай, білім ордасын қалау – әр азаматтың міндеті. Мұхамедораз Нұрбаев азаматтардың сол қызметін атқаруға халыққа бастаушы болды. Біз сол үшін де еңбегі мол, бірақ аты беймәлім тұлғалар есімін жаңғыртуымыз керек. Ол тұлғалардың бірі де бірегейі – Мухаммадораз Нұрбаев деп білеміз.

 

Азберген Айдын,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

 

Ғылыми жетекшісі:

фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Бексұлтан:

    Керемет Айдын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *