Бала тәрбиесі баршаның ісі

Купесбаева Майгуль

Өткен жыл еліміз бойынша «Балалар жылы» деп бекітілді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «…Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп айтты. Балалар – кемел келешектің бүгінгі кепілі екені анық. Ел ертеңінің тұтқасын ұстар бүгінгі бөбектеріміздің балалық шағы бақытты, денсаулықтарының мықты болуын және сапалы да саналы білім алуын қамтамасыз ету – басты міндет.
Қазіргі таңда баланы жастай жақсыға үйретіп, мектепке дайындауда балабақшалардың рөлі зор. Десе де ата-ана да бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмауы қажет. Екі жақты түсіністік пен бірігіп жұмыс жасаудың арқасында білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ тәрбиелей аламыз.

А.Сухомлинский ата-анамен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Өзім қызмет етіп отырған балабақша да  ата-аналарымен тығыз қарым қатынас жасаудың арқасында жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Мәселен әрбір топ өз жұмыстарының жоспарына сай тәрбие жұмысының бастауы ретінде ата-аналарды еңбек іс-әрекетіне араластырып, түрлі іс-шараларға белсене қатыстырып, қоян- қолтық жұмыс істеуде.

Әр мерекеге  орай салтанатты шаралар ұйымдастырылады. Әрбір баланың өзімен, отбасымен, достарымен, қоршаған ортамен байланысын, шығармашылығы мен мәдениетін дамыту мақсатында педагогтар іс шараны жан-жақты, қызықты өткізеді. Ең бастысы мерекеге жиналған ата-аналар да көңілді кешке ерекше атсалысады. Балаларымен бірге ән айтып, би биледі. Түрлі ойындар ойнатылып, бүлдіршіндерді ерекше әсерге бөледі. Қазақ «Адамның бақыты – балада» дейді. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Ал адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Ал бала үшін өз үйінен кейінгі ең жылы орын – балабақша.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан да балаларға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа баулу үшін балабақша мен ата-ананың бірігіп еңбек етуі маңызды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *