«Бала тәрбиесі — баршамызға ортақ»

«Бала тәрбиесі — баршамызға ортақ»

Ой толғау.

Қазіргі заман талабына сай жас жеткіншектерге сапалы білім саналы тәрбие беріп, Отанымыздың саналы да білімді азаматтары етіп тәрбиелеу-баршаның ісі. Сондықтан бала тәрбиесіне біздің елімізде үлкен маңызын береді.

Бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, ең алдымен өз отбасымен танысады, өз отбасынан тәрбие алады. Отбасында алған тәрбиені ешқандай балабақша түзете алмайды. Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Сондықтан ата-ана баланы болашақ заман талабына сай бағыт беріп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесе дегім келеді.

Кішкентай өсіп кележатқан балаларымызды ұлттық тәрбиеге баулап, -инабаттылыққа, отансүйгіштікке , адамгершілікке, өз ана тіліне деген құрметін бойына сіңіруге тәрбиелеу балабақшаның міндеті.Бүгінгі жас ұрпқтың тәрбиесіне, ата-аналармен тығыс байланыс нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізудеміз. Ата-ана да тәрбиешілерде балаға берген тапсырманың аяғына дейін орындауын төзімділікпен қадағалау қажет.

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуына, мінезінің қалыптасуына ойын  мен еңбегінің тигізетін әсері көп. Ойын, еңбек тәрбиесінің перменді құралы. Жас  жеткіншек ойын процесінде тәртіпке, ұйымшылдыққа, қиыншылықты жеңе білуге үйренеді. Ойын олардың мінез- құлқының қалыптасуына әсер етеді. Ойын-жас баланың табиғи қажеттілігі, ол көптеген мағұлматты ойын әрекетті арқылы алады. Ойын бала есінің зейіннің дамына көмектеседі. Кейбір сюжетті ойындар баланың зердесін өсірумен қатар қиялдау қабілетін арттырады. Ата-ана мен тәрбиеші бала әрекетіне бақылау жасап, қандай ойынмен шұғылданып жатқанын біліп, кейде өзі де арласып кетсе артық болмайды. Бірлесіп ойнау тәрбиеші сапалы еңбек саналы азамат тәрбиелейді. Баланың жасына карай шамасы келетін ұсақ-түйек жұмыстарды істетіп үйреткен жөн. Жасыратыны жоқ кейбір ата-аналар баланың еңбегіне немқұрайлы қарап үй тіршілігіне араластырмайды. Бала бір жұмысты істейін десе «бүлдіресің, бұзасың» деп оның еңбекке талабын қайтарады. Балаға түсіндіруге уақытын болмейді. Қиынсынады. Осының салдарынан тілазар, жалқау болып шығады. Баланың өзінен кішіге көмектесіп, үй жануарларына қамқорлық жасауы оның өсе келе мейрімді, қайырымды болуына жәрдемі тиеді.

Ата- ана балаларын тек сөзбен емес өзінің еңбектегі үлгісімен отбасындағы  өнегелі мінез- құлқымен тәрбиелейді. Тату- тәтті, мәдениетті отбасының балалары тәртіпті болып өсетінін өмір дәлелдеуде. Отбасы мүшелерінің көмек, сыйластық, шыншылдық жас баладан адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.

Ұлы Абай атамыз айтқандай, жақсы бала ата- анаға қызық, жаман бала күйік. Жақсы бала – келешекті сеніп тапсыруға болатын жақсы азамат. Олай болса баланы жақсы етіп тәрбиелеу- баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *