Мейірімділік  – асыл қасиет 

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы: 7                                                          Оқушылар саны: 15

Тақырыбы: Мейірімділік  – асыл қасиет         Қасиеттері:мейірімділі, адамгершілік, қамқорлық

Мұғалімі: Елеусизова Сандуғаш                       Құндылық: қиянат жасамау

 

Мақсаты:

білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық  қарым-қатынастарын  дамыту;

-мейірбандылыққа   тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, музыкалық  әуен, кеспе қағаз, видео, караоке, гүлдің суреті, ойын, тренинг, жіп, жемістердің суреті

Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Тыныштық сәті.

. «Орманға  саяхат»

Арқаларыңызды   тік   ұстап   отырыңыздар.  Көздеріңізді   жұмып,   терең тыныс   алыңыз. Әр    тыныс    алғаныңызда   өзіңізді   тыныш   сезінуге тырысыңыз. Сіз   сыныптың    есігіне    жақындадыңыз,   есікті   ашып, дәлізбен   келе    жатырсыз.  Далаға    шықтыңыз.  Таза   ауаны   жұтып,  самал жел  мен  күн   нұрының  сіздің  бетіңізді  жылытқанын  сездіңіз. Орман ға қарай  жүріңіз. Абайлаңыз,  жолыңыздағы   жәндіктерді  басып  кетпеңіз. Бір  минутқа   тоқтап,  айналаңызға   қараңыз. Табиғаттың   сұлулығы  мен тазалығын  сезініңіз. Жаныңыздағы   гүлдердің   біріне  келіп,  сәл   иіліп, мұқият  қараңыз,  қандай  нәзік. Оны   иіскеп,  хош  иісін   сезіңіз. Айналаңызға   зер   салып,  ары  қарай  жүріңіз. Гүлдер,  гулдер   мен ағаштардың  хош    иісі,  құстардың   әні    және  жәндіктердің   баяу   үні. Орманда   жүріп,  ағаштардың   көптігіне,  жақындаған   сайын  биіктей  беретіндігіне  назар   аударыңыз. Күн   көзі  сізге  жапырақтар   арасынан  сығалап,   жасырынбақ    ойнағандай ,  оның  сылдырын   естіңіз. Орманда  біз   өзімізді  бақытты  және   қауіпсіз  сезінеміз. Жазыққа   шығып,  бірнеше   минут   тынығыңыз. Өзіңіз   бір  сәт  саясында  отырғыңыз  келген   бір   ағашты   таңдаңыз. Ағаштың   жанына   келіп,  оны құшақтаңыз. Қандай   мықты   ағаш. Оның   күштілігі  мен  ондағы  өмір қуатын   сезініңіз. Енді   оның   түбіне  арқаңызды   сүйеп   отырыңыз. Көзіңізді  жұмып,  терең   тыныс   алып,  сөзді   қоршаған   ішкі   тыныштық пен  үнсіздікті   сезініңіз (Мұғалім  осы  жерде   бірнеше  минут   тоқтай  тұруына  болады). Біз   жеңілдік  пен  бақытты   сезінеміз.  Қандай  таңғажайып   табиғат,  біз  барлық   тіршілік  иесін   қалай   аялап,  сүюіміз  керек   екенін  түсінеміз.  Енді   бұл   сіздің  ағашыңыз,  кез-келген   уақытта   осында  келе  аласыз.  Мектепке   қайта   оралуға   әзірленіңіз. Орныңыздан   тұрып,  айналаңызға   тағы да   мұқият  қараңыз.  Жәндіктерді   басып  кетпей,  келген   жолыңызбен   қайтадан  мектепке   оралыңыз. Міне,  мектептің   ауласына  жеттік. Айналаңызға  тағы   қарап,  терең   тыныс    алып,  есікті  ашып  ішке  кіріңіз де  орныңызға   келіңіз. Осы   тыныштық   пен   қанағат   сезімін  сақтаңыз. Көзіңізді   ашып,   күлімдеңіз! Рахмет.

Тренинг. Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Слайдта (күн, алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте- бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.
Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.
Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер. Иә, балалар.
— Қанекей балалар көңіл-күйлерің қалай? Керемет! (қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарын қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ендеше сабағымызды бастайық. О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді)

Үй тапсырмасы.

«Татулық достық кілті» мәнжазба жазу.

Әңгімелеу.

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)

жақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

жарастық                                                                           махаббат

 

шыдамды                   Мейірімділік шуағы                           рақымшыл

 

 

ынтымақ                                                   бауырмалдық

 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.

 

Видеоролик « Сары тауық пен балапандары»

-Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

(оқушылар жауабы)

– Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

 

кішіпейіл                            мейірімді                       бауырмал

 

 

сыпайы                                                                 кешірімді

Ана

 

 

 

әдепті                        жақсы                    жанашыр

 

Дәйексөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен»  халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндік? Ұлдар екі рет қыздар екі рет қайталап оқиды, барлығы қосылып бірге оқиды.

Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

«Мейірімділік ағашы»

-Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Мәтінмен жұмыс.

«Сүйкімі дүниенің сұлулықта» (ертегі)

Ертегі не туралы?

Жігіт неліктен қызды таңдады?

Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар ?
Ойын «Мейірімділік жібі»
(Балалар бір – бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)

«Мейірімділік» видео

Шығармашылық жұмыс.

9. Топтық жұмыс
а) Қызыл түс; «Ана» туралы мақал – мәтел
ә) Сары түс; Өлең шығару
б) Жасыл түс; Эссе жазу

Поэзия әлемі.

Ақын-жазушылардың достық туралы өлеңдерінен үзінді оқу

Топпен ән айту.

«АНА»

Үйге тапсырма.

«Мейірімділік» тақырыбына шығарма жазып келу.

Рефлексия.

-Балалар сіздер бүгін сабаққа  барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға  түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық барлық   жерде, бүкіл әлемде….

Бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен ізгі істерді ой елегінен өткізейік.

Жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне орналастырайық.

Көздеріңді ашуға рұқсат. Рахмет.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *