БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕ БІЗ АҚПАРАТҚА ҚАНШАЛЫҚТЫ МӘН БЕРЕМІЗ?

Бала тәрбиелеуде біз қаншалықты ақпаратқа мән береміз? Бала туылғаннан бастап неге телефонға үйір қыламыз? Ақпараттың жалпы  бала тәрбиесінде қаншалықты орыны бар? Сан сауалдар санаңда сайрай береді. Бұл мәселелердің бәрі бүгін талқыланып жатқан жоқ. Мобилдік телефон пайда болғаннан айтылып келе жатыр. Бірақ біздер де ата-аналар да осыған көп мән бермейміз. Қазіргі таңда қашан да инновациялық  жаңа және ақпараттық технологиялар балабақшада білім сапасын арттыру үшін қолданылады. Балалардың білімін арттыру біздің алға қойған адамдық борышымыз деп есептейміз.Сол себепті біз ақпаратқа дұрыстап мән беруіміз өажет деп есептеймін.Себебі ,ұлы қазақтың қайталанбас ақыны- Шәкәрім Құдайбердіұлы біздің келер ұрпағымызға талаптанып тек білім мен өнер үйренуге шақырды. Білімді ұрпақ қашан да ел болашағын ойлайды.Ұрпағымыздың білімді болуы тәрбиеші мен ата-ананың балаға қандай ақпарат беруінде жатыр.  Сондықтан берілген ақпараттың қаншалықты білім сапасын артырады мән беруіміз керек. Ал, білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. [1]

Бала дүниеге келгеннен бастап ақпаратты қажет етеді. Сол ақпараттармен өсіп- жетіп дамиды. Біз білімді ұрпақты дайындауымыз үшін балаға берілетін ақпараттардың дұрыстығына мән беруіміз керек. Бала тәрбиесі бесіктен демейме атамыз қазақ, сол себептен тал бесіктен бастап балаға берілетін ақпарат дұрыс болуы шарт!

Ал ақапарат сөзіне қысқаша  анықтама беріп өтсек! Ақпарат бұл балаға жаңа білім болып есептеледі. Ақпарат алмасу және оны сақтау адамзат қоғамының өркендеуімен бірге пайда болды және дамыды.
​Ерте заманда бiр тайпа екiншi тайпаға маңызды хабарды дабыл қағу, от жағып түтiндету арқылы жеткізіп отырған. Сонымен бірге ақпаратты алысқа жеткізу үшін шабарман немесе арнайы үйретiлген көгершін пайдаланған. Қазiргi кезде адамдар ақпарат алмасуға: телефон, радио, теледидар, компьютер, интернетті пайдаланады. Ақпарат алмасу әрқашанда ақпарат арналары арқылы жүргiзiледi. Ақпарат арнасын байланыс арнасы деп те атайды. Байланыс арнасы – деректерді қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар жиынтығы.

Өркениеттің дамуына қарай адамдар арасындағы байланыс құралдары да үздіксіз жетілуде. Байланыс құралдарының қалай дамығанына назар аударайық.

Ақпарат көзі және ақпарат қабылдаушы

Ақпаратты берудің кез келген процесін 1-схема бойынша түсіндіруге болады. Схемадан көрініп тұрғандай, ақпарат көзі (таратушы) – бала тартып тұрған домбыраның күмбірлеген әуені. Ал ақпарат қабылдаушы – сол әуенді есту мүшесімен қабылдап, әуеннің әсерімен билеп тұрған биші қыз. Ақпарат арнасы ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Ақпарат арнайы сигнал (белгі) арқылы беріледі. Сигналдар​ әртүрлi болуы мүмкiн. Мысалы, көзiмiз жарықты көреді, құлағымыз дыбысты естиді, радиоқабылдағыш, теледидар толқындарын қабылдайды. Ең бастысы, ақпаратты қабылдаушылар берiлген сигналдарды қабылдап, оны түсiнiп, оқи алатындай болуы керек.Балабақша балары үшін көре алатындай болуы тиіс. Сигнал қандай да бiр ақпаратты беру үшiн өзгерiп, ауысып тұрады. Сол сигналдардың өзгеруi арқылы бiз ақпарат берiп, қабылдай аламыз.

 

Ақпарат көзі Ақпарат арнасы Ақпарат қабылдаушы
     
• биологиялық: ​адамның сезім мүшелері.

• техникалық:
телефон​;
теледидар​;
интернет​;
​компьютер және т.б.

   1-схема. Ақпарат берудің сұлбасы

  ​Олар:
• ​телефон сигналының бұрмалануы;
​• радиохабар тарату жұмысына әсер ететін әртүрлі шуылдар;
​• теледидардағы кескіндердің айнуы, қараңғылануы;​
​   ​• компьютерлік желілердегі кедергілер.
Міне, осылармен жұмыс жасағанда өте мұқият болуымыз  қажет. Біз барынша ата-анаға олармен жұмыс жасағанда олардың  пайдасымен қоса зияны да бар екенін түсіндіруіміз шарт.

   Ақпараттық арналар биологиялық және техникалық болып екіге бөлінеді. Биологиялық ақпарат арналарына адамның сезім мүшелері, ал техникалық ақпарат арналарына телефон, радио, теледидар, компьютерлік желілер жатады. Техникалық арналарда ақпарат алмасу кезінде түрлі кедергілер туындайды.

  ​Олар:
• ​телефон сигналының бұрмалануы;
​• радиохабар тарату жұмысына әсер ететін әртүрлі шуылдар;
​• теледидардағы кескіндердің айнуы, қараңғылануы;​
​   ​• компьютерлік желілердегі кедергілер.

   Ақпараттық арналар биологиялық және техникалық болып екіге бөлінеді. Биологиялық ақпарат арналарына адамның сезім мүшелері, ал техникалық ақпарат арналарына телефон, радио, теледидар, компьютерлік желілер жатады. Техникалық арналарда ақпарат алмасу кезінде түрлі кедергілер туындайды. Ақпарат көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жасанды ақпарат көздеріне адамның қолымен жасалған теледидар, компьютер, домбыра сияқты заттар жатады. Ал табиғи ақпарат көздеріне күн, су, ауа, жел және т.б. жатады.
​ Ақпарат көзі мен ақпарат қабылдаушы арасында ақпарат алмасу төмендегідей жүзеге асады:​
​  ​1. Ақпарат көзінен ақпарат қабылдаушыға біржақты беріледі. ​2. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасында ақпарат алмасуы бір мезгілде жүріп отырады. Ақпарат көзінің өзі де ақпарат қабылдаушы бола алады.  Балабақшада біз көбіне табиғи ақпараттармен жұмыс балаға өте тиімді деп, соларды қолданамыз. Себебі жасандылардың тигізетін зияндары өте мол. Балабақшадағы баланың білім сапасын арттырудағы ақпараттың маңызы оны түрлі инновациялық технологиялар арқылы жеткізу бала бойына дұрыс жеткізу,сіңіру болып табылады. Біздермен  қоса  ата-аналарда  ақпаратты дұрыс таңдаса, баланың білім сапасының артатыны рас! Ал, инновация сенің ақпарат таңдаудағы шеберлің болып есептеледі. Болашағымыз жарқын, ұрпағымыз білімді болсын!Шәкәрім айтқандай баланың  білім сапасын артттырудағы адал борышымызды, адамдық борышымызды дұрыс атқарайық ағайын!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007
  3. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014
  4. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік
  5. Информатика Opiq 5-сынып 2000ж Алматы.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *