«Бала миының дамымауы «

Неліктен қазіргі қоғамда бала миының дамуы нашар және оның себеп салдары қандай?

Байқап қарасақ,қазіргі таңда балалардың көбінде ми функциясы дұрыс дамыған.Ол дегеніміз,бала 1 жастан асып кетсе де әлі сөйлей алмауы немесе өз ойын нақты жеткізе алмайды.Ал бұған не себеп екенін білесіз бе?

Ендеше бастайық!

Қазір 21 ғасыр,заман кез-келген жағынан дамыған.Яғни технология, медицина,экономика,тіпті гаджеттерге дейін дамып кеткен.Гаджеттердің бүгінгі күні де,түр-түрі шығып жатыр.Ал оларды ересектерден бөлек,үйдегі балабақшаға баратын балаға дейін қолданады.Бала күнде гаджет көре бергеннен,ол оған тәуелді болып кетеді.Яғни қолы босаса болды ұялы телефонға жүгіре жөнеледі.

Ата-аналар» баламның тілі орысша шықты немесе ағылшынша шықты.Өте ашуланшақ,айтқан сөзді тыңдамайды.Ұялы телефонды алсам,үйді басына көтереді» деген көптеген хабарламаларды күн сайын психолог,логопед немесе т.б. маман иелерінен көмек сұрап жіберіліп жатыр.

Сонымен қатар, эмоционалды дамуға кедергі.

Психологтардың айтуынша, гаджеттерді көп пайдалану балаларды тәуелділікке алып келіп, олар бос уақытын тек компьютерлік ойындар мен бағдарламаларға арнауға тырысатын болады және «сүйікті» электронды құрылғысынан ажыраған балалар өздерін ыңғайсыз сезіне бастайды. Бұл факторлар бала психологиясы бұзылғанының айқын дәлелдері болып саналады екен.

Бұл мәселені шешудің бірнеше жолдары бар:

1)Балаға гаджетті белгілі бір уақыт аралығына дейін ғана беру керек.Мысалы:

4-5 жас – 15 минуттан аспайды;

6 жас – 20 минут;

7-9 жас – 30 минут;

10-12 жас – 40 минут;

13-14 жас – 50 минут.

2)Ата-аналар да өз балалары мен ойнап,аса көңіл бөлу керек.Себебі қазіргі таңда көптеген ата-аналар өз балалары мен ойнамақ түгілі,отырып сөйлеспейді.»Балам бүгінгі күнің қалай өтті?Бәрі жақсы ма?Сыртқа серуендеп қайтуға қалай қарайсын?» деген сұрақтардың өзі балаға көңіл бөлу болып саналады.Сол кезде сіздің балаңыз гаджет пен емес,сізбен көп уақыт өткізгісі келеді.

3)Балаңызға қосып беретін мультфильмді алдымен өзіңіз көріңіз.Ол қандай мультфильм?Баланы жақсы затқа үйретеді ме?Себебі кейбір мультфильмдер баланың психикасына кері әсерін тигізеді.

Сондықтан, құрметті ата-аналар!Балаңыздың қаңдай болып ержетуі,қызыңыздың қандай болып бойжетуі,тек өзіңізге байланысты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *