Баланы балабақшаға бейімдеу жолдары .

1.Ф.И.О – Айбекова Ботакөз Наушаевна

2.Жұмыс орны : № 39  «Меруерт  » балабақшасы

  1. Лауазымы: — Музыка жетекшісі

4.Қала – Нұр Сұлтан қаласы.

5ақырыбы :  Баланы балабақшаға бейімдеу жолдары .

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы : Баланы балабақшаға бейімдеу жолдары .

Балабақша – баланың жаңа өмірге деген  алғашқы қадамы. Мамандардың айтуынша баланың балабақшаға бару өте маңызды. Балабақшада тәрбиеленген бала мектепке баруға  ғана дайындалып қоймай , психологиялық әлеуметтік тұрғыдан да дайындалады. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада әр алуан сипатта өтеді.

2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.Баланың ата –анасының қасына  6-8 сағат болмауы  бала  үшін де күйзелісті жағдай. Қобалжулары  басым  ата – аналардың балалары да балабақшаға ауыр деңгейде бейімделеді , өйткені ата –ананың қобалжуы көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі керек.

Балабақшаға  жеңіл  деңгейде үйрену. Бала  жаңа ортаға бір айдың шамасында  бейімделеді.  Мұнда бөбектің тамаққа тәбеті бір аптаның ішінде , ұйқысы  1-2аптаның ішінде үйдегі үйреншікті қалпына түседі.  Аяқ  астынан ауыруға  ұшырамайды.  Егер  сіздің балаңыз көпшіл , өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса , ойын кезінде өздігімен  ойнай  білсе , мінез  ашық  өз  құрдасытарымен  мейірімді болса  балабақшаға  келген күннен бастап –ақ ,  үйреніп  кететініне сеніңіз.

Балабақшаға орташа деңгейде үйрену. Баланың ұйқысы мен тамағы 20-40 күн шамасында  бұрынғы қалпына келеді.  Ай  бойы қит етсе көңіл –күй бұзылып ,  жылай  береді. Алайда , бала уақыт өте  келе балабақшада өзін еркін сезіне бастайды.

Балабақшаға ауыр деңгейде үйрену. Бала  тамақ  ішпейді  , ұйықтамайды , балалармен  және  үлкен  адамдармен   араласудан  бас тартады, қоршаған  ортаға  деген  қызығушылығы төмендейді , ойыншықтармен ойнамайды , ойынға қатымпайды.

Тәрбиешіге үнемі көтеріп , не жетектеп жүруді талап етеді. Жүйкесіне жүк түскен сәби ауыруға шалдығады.   Психикасы бұзылып , ой- өрісінің дамуы тежелуі мүмкін.

Алғаш балабақшаға барған бала жаңа ортаға бірден бейіиделіп кете алмайтындықтан , ата –аналарға бірнеше ақыл –кеңестер ұсынылады.

  • Баланы бөгде / таныс емес / адамдармен , үлкендермен, балалармен құрдастарымен қарым –қатынас жасауға бейімдеңіз.
  • Балалар саябағына , мерекелерге , ойын алаңдарына үнемі апарып, құммен ойнауға үйретіңіз.
  • Анада санда баламен бірге балабақшаға маңынан өтуге тырысыңыз , және оған дәл осы  балабақшаға баратыныңыздың қандай жақсы болғанын  қуана  ескертіңіз.
  • Тобының қандай  әсем болатынын , ондағы  ойыншықтардың қандай сүйкімді екеніні , оның балалармен ойнайтынын айтының.
  • Осы қуанышты жаңалықты баланың көзінше достарыңызбен және жақындарыңызбен  бөлісіңіз.
  • Сәбиініңздің балабақшаға   қабылдағанына  қуанып  тұрғаныңзды айтыныз. Сөйтіп ,  балабақшамен тезірек  танысуға баланың өз құлшынысы  артатындай етіп, оны  жағымды  арнаға  бағыттаныз.
  • Балаға ондағы күн  тәртібінің  қандай  болатынын , олардың немен айналысатыны   айтыныз ,  себебі бала жұмбақ жағдайларға  аттанбауы тиіс және өзін не күтіп тұрғанын білуі керек.
  • Балабақшаға бірінші  күннен бастап  кешке  дейін қалдырмаған жөн.
  • Балабақшаға жаңадан   келген  балалар  алғашқы апдана үш –төрт сағат , одан  әрі түске дейін , біртіндеп, балабақшаға күні бойына қалдыруға бейімдеңіз.
  • Баламен тез қоштасып  үйренініңіз. Қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаңызды  көріп  тынышталуды да ұзаққа созылады.
  • Балаңыз сізге  сенсін десеңіз , балабақшаға әкеліп , көрінбей  қашып кетпеңіз.
  • Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап  табыңыз және оны қатал ұстаңыз.
  • Үйдегі жағдайды балаңыз  келетін топтың күн тәртібімен бірдей етіп ұйымдастыруға тысыңыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *