Баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық кеңістік дамытушы ортаны құру

Ақтөбе қаласы

Суюнбаева Рита Досбергеновна

 

Тақырыбы: «Баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық кеңістік дамытушы ортаны құру»

 

Ойынның бала өміріндегі алар орыны ерекше. Ойын ойды өсіреді. Кеңес педагогы А.С.Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар,сол құм

арлықты қанағаттандыра білуіміз керек.Ойнау үшін тек қана уақытты бөл

іп қана қоймай,сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және

сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» деген тұжырым жасаған.  Баланың тыныс тіршілігін ойынсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Ойын арқылы бала білуге,өзі не құпия дүниенің сырын ашуға талаптанады. Бала қиялы ойын үстінде ойлау дағды ларын қалыптастырады. Айналасындағы затты танып қана қоймайды, оның әрекетінеде мән береді. Ойын баланың көңіл күйіне де әсер етеді. Қуанады,ренжиді,шаттанады,жылайды. Мұның бәрі табиғи құбылыстар.Осы арқылы бірте-бірте мінезі де қалыптаса бастайды.Жақсы мен жаманның не екенін ажыратады. Бір сөзбен айтқанда,ойын арманына қанат бітеді.Кез келген ойынның өз мақсаты,жоспары,арнайы құралдары,өзіне тән көптеген ерекшелік тері болады. Ойын–балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады,яғни танымын кеңейтіп,бала білім жинақтайды. Бала зейінін де зерттеу процестері жүреді.Ойындар оның ақылын,дүние танымын мінез-құл қын қалыптастырады. Түрлі психологиялық түсінік пен сезім әрекетіне жол ашылады. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықталып,талабын ұшта

йтындай ойын оятарлық,іскерлігін дамытарлықтай,бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Мектепалды даярлық топтарында балаларға ойын арқылы оқу іс-әрекетінің са пасын арттыруға,ойната жүріп ойландыруға мүмкіншілік бар.Арнайы ойындар

жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылады.Оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай танымдық,дамытушылық ойындар болып бөлінеді.Тапсырмаларды қолдану заттарды бір-бірімен салыстыруға,оларды қасиетіне қарайажыратуға және оны

танып білуге үйретеді.Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламаға сай міндеттерді игереді. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып,ой лануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есте сақтап қалуға жол ашады

ойын баланың беймәлім өмірдің есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл болашағына ұштаса береді.Сонымен қатар, ойын-тынысы кең,қар апайымнан күрделі ойға жетелейтін,қиялына қанат бітіретін ғажайып әлем ақ- ыл ой жетекшісі,денсаулық кепілі. Балалардың ой-өрісін дамытып,ойлау қабіл етін жетілдіретін ойындардың бірі – «Санамақ». Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді,санға аты ұйқас заттарды танып біледі.

Бір дегенім – бесік,

Екі дегенім – есік,

Үш дегенім – үкі,

Төрт дегенім – төсек т.б.

Қызығушылықты туғызу үшін ойын түрлерін түрлендіре пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын тәрбиешінің түсіндіріп отырған материал- ын зор ынтамен тыңдап,берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені балалардың аң сары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады.

Мазмұнды-бейнелі ойындарда балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізу ге тырысады,оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға ұмтылады,оларды дайын дау үшін еңбектенеді.Ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығарма шылық іс-әрекетке бағдарлайды. Сондай-ақ балалардың өзара қарым-қатынас- ын реттеп,олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.

Балалардың таным-қабілетін,логикалық ой-өрісін кеңейтіп,сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар 3 топқа бөлінеді.

1.Затты дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ой-

ын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар «Лото», «Домино» және т.б

3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Ұсынылатын дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көр- сетіледі. Бұл ойындарды сабақта,сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы бал- аның тілін дамытумен қатар,ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға,ой ын шартын дұрыс орындауға,белгілі бір нәтижеге жетуге,ұжымдық мақсатқа бағынуға,үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатуға болады.

Оқыту мен тәрбиелеуге бағытталып ұйымдастырылатын ойындар балаларды таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі. Баланың танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдарға айрықша мән беріледі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдама сында «мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы,ол баланың жеке жас ерекшелігін ескере отырып, дамытатын орталық»-деп атап көрсеткендей тәрбие қызметінде жаңа технологияларды пайдаланудың маңыз

ы зор. Ендеше,жаңа технологиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақ ты тәрбиелеу-басты мұратымыз. Ы.Алтынсарин: «Ойын-бала үшін ойын емес,білім мен тәрбие негізін қалайтын басты құрал» деген болатын.Ендеше ойынның бала тәрбиесінде үлкен рөл атқаратынына дау жоқ.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *