Балалар жылы

Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдық құттықтауында 2022 жыл балалар жылы деп жариялады. Бұл сөздердің астында президентіміздің жастарға деген, оның ішінде өскелең ұрпаққа үлкен сенім артатынын жеткізіп отыр. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы-мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Бұл жыл ұранды мереке есебінде емес, еліміздегі балалардың жағдайларын толығымен жақсартуға жұмсалу керек» деді ел президенті. Жас өспірімдердің денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік салалардан проблемаларын шешіп, еліміздің ертеңі үшін олардың өмірлерін одан әрі жақсартуы басты мақсаттардың бірі. Бала жылы негізінде балаларды дамыту қарсанында іс-шаралар жоспарланды. Іс-шаралардың мақсаты- балалардың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік қасиеттерін жақсартуға бағытталған. Бағдарлама «Білімді бала», «Отбасы- қауіпсіз», «Дені сау бала» , «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «BALA QОRGAU», «BALA_TIME.KZ» осындай 7 бөлімнен тұратынын мәлімдеді Білім және Ғылым министрлігі төрағасы Есенғазы Иманғалиев. ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басқарама басшысы Самал Қадіровтың айтуынша балалардың көшбасшылық және өзін-өзі дамыту мақсаттарында мектептерде республикалық деңгейде дебат қозғалыстары және мектеп парламенттері өз жұмыстарын бастаған. Тек білім саласында емес спорт саласында да жұмыстар жүргізілуде. Ол туралы ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орбасары Бекболат Байжанов республика бойынша 474 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жұмыс істейтінін, 2021 жылы бастау алған тегін 71 секцияларының қатарына биылғы жылы 33 спорт секцияларының қосылғанын мәлімдеді. “ Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз” президентіміздің осынау сөзін естен шығармағанымыз абзал. Келешек ұрпаққа тәуелсіз таң мен кеменгер жол қалдыру бұл біздің парызымыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *