Бизнес неден басталады?

Сыныбы:            10 «А»

Өтілу мерзімі:    ………………………

Тақырыбы :  Бизнес неден басталады?

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бизнесті ұйымдастыру нысаны туралы түсінік беру,
Тәрбиелік: Оқушыларға топтық жұмыс кезінде ойларын тұжырымдап, шапшаң, жинақы айтуға, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың алған теориялық білімін дамыту, практикамен ұштастыра білу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, банкноттар, карточкалар.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс – әрекеті  Оқушының іс – әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушымен амандасу

Топқа бөлу

Сабақтың кезеңдерімен таныстыру

І кезең. Өткенге көз жүгрту.

ІІ кезең. Теңге алу ойыны

ІІІ кезең. «Мақал- сөздің мәйегі»

ІV бөлім. «Ең биік мұнара» жасау

V бөлім. «Ең үздік кәсіпкер»

Кіріспе: Мұғалім:  Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Сыныптан тыс ашық іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Көбіне адамдар бір істі бастамас бұрын оны ұсақ-түйегіне дейін ойластырып алады. Кім қиын іске алдын ала белін буып дайын тұрса сол жетістікке тез жеткісі келетін адамдардан әлде қайда жауапкешілікті ерте сезініп, жұмсыты жақсы орындайды.Демек барлық жұмысты бизнес жоспардан бастау қажет.Жақсы бизнес жоспар қысқа да нұсқа ,пайдаланшы адамның барлық сұрағына жауап беретін болу керек.Ол тәуекелдік,кепілдік, несиені қайтару деген сияқы сұрақтарға жауап береді.Оның көлемі 50-70 беттей болғаны жөн. Кәсіпорын атауы,жобаның аты,жобаны өндірушілер,-бұлар міндетті деректемелер. Перде бетін мынадай мәліметтермен толдықтыруға болады:жобаның басталуы мен жалғасын табуы,жобаның құны,бизнес жоспардың қандай мақсатқа арналғандығы,шығынның өтелуі.

Жоспар келесі себептер бойынша құрылуы қажет:

-Бизнестің қаншалықты тиімді екендігін, оны іске асыру және қаражат салудың қажеттігін білу үшін.

 

Оқушылар слайд тамашалайды

Үй тапсырмасы

 

« Өткенге көз жүгірту» бұл кезеңде оқушылар өткен сабақта тақырыптарды еске түсіріп, бір- бірімен ой бөліседі.  
Сұрақ- жауап  «Теңге алу » ойыны ( Әр топтан команда мүшелері шығып, сұрақтарға жауап береді )

1.     9*9 қанша

2.     Ақша дегеніміз не?

3.     Ерте орта ғасырларда байлықтың құны немен есептелді ( жылқы)

4.     Экономиканың басты сұрақтары қандай? ( Не? Қалай? Не үшін?)

5.     Бәсеке дегеніміз не?

6.     Сауда дегеніміз не?

7.     Дефицит сөзінің мағынасы?

8.     Бренд сөзінің мағынасын түсіндір?

9.     Вайнерлер қандай қызмет атқарады?

10.  Сұраныс дегенді қалай түсінесің?

Ойлан –тап: «Мақал- сөздің мәйегі» Мақал – мәтелдегі қалып кеткен орынға сөздерді жаз.
І топ
1. ………… етсен ерінбей  ( еңбек)

Тояды қарның тіленбей
2. Есепсіз ______ жоқ (дүние).
3. …………. қарай өнбегі. ( еңбегіне)
4. Еңбек…………    ( ширатады)

Өмір үйретеді.
5. Тамшы  тама берсе _______ болар (дария).

ІІ топ
1. Жақсы болар жігіттің,

……….. жүрген күні жоқ. (жұмыссыз)

Жаман болар жігіттің,

Еш …………. қыры жоқ. ( жұмысқа)
2. ……. ұстаған бармағын жалар ( Бал)
3.  ______ да сұрауы бар (судың).
4.  Ақшада ____ жоқ (көз).
5. Сүйіп істеген іс …………… ( шаршатпайды)

 

 
Топтық жұмыс: «Ең биік мұнара» жасау

Оқушылар берілген заттардың бағасына назар аудара отырып, биік мұнара жасау арқылы ақшаны үнемдеулері керек.

 

Постер қорғау: «Ең үздік кәсіпкер»

Бұл бөлімде екі топ өздерін кәсіпкер ретінде елестетіп, қадай кәсіппен айналысатындықтарын ойлануы керек.

Рефлексия:  

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *