БАЛАБАҚШАМЕН ОТБАСЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

БАЛАБАҚШАМЕН ОТБАСЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

КМҚК  «Айсұлу» бөбекжайы
Тәрбиешілер:  Ажибаева Бакытгуль Ермековна
Рамазанова Гулбахыт Телкеновна

Ата – анамен жұмыс барысындағы өзара құрылымдық әрекет – тәрбиешінің табысты жұмысқа қол жеткізудегі маңызды кедергілердің бірі. Отбасымен қатынасу түрін табу маңыздысы, ол тәрбие беру мен оқыту барысында өзара түсінушілік мен өзара жәрдем мүмкіндігін бергенде.
Мектепке дейінгі балалық шақ – адам өміріндегі қайталанбас кезеңі, ол уақытта денсаулық қалыптасады, тұлғаның дамуы жүзеге асады, бірақ бала жаңындағы ересектерге тәуелді болады, бірінші кезекте ата – анасынан.
1. Отбасылық айнала баланың ата-анасына биологиялық және психологиялық тұрғысынан тәуелді болғандықтан бастауыш болып келеді; қандас туысқан.
2. Балалық кезіңде және мектепке дейінгі жаста балаға маңыздысы өзі үшін сыйлы ересек адаммен алғаш сөйлесуі, ал сосын өзінің құрдастарымен сөйлесудегі қажеттілігі.
3. Отбасыда көп уақыт және тұрақты болу, сырлас-эмоционалды отбасылық қатынастардың атмосферасы.
Отбасы – бұл бала үшін эмоционалды қатынастардың институты, ол оны еріксіз «эмоционалды қорғаныш» деп қабыл алады. Әлем мағлұматтарды алған сайын күрделенеді. Білім алу қажеттілігі өмірдің бүкіл облыстарына енеді – кәсіби, отбасылық, бос уақытына, қоғамдық, жеке және т.б. Қазіргі заманғы отбасы әр түрлі білім түрін қажетсінеді: медициналық, сексологиялық, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, психологиялық. Отбасы мәселелерін шешу ата-аналардың жас кемеліңде болуларын және біліктілігін талап етеді, ал бұл яғни жігер қайрауы, қосымша жүкті өз шаруасына жатқыза білу икемділігі. Зерттеп отырған тақырыптың маңыздылығын тәрбиешілердің отбасылармен өзара жұмыстан не күтетіндерінен алған сауалнамалардың мәліметтеріне сүйене отыру арқылы бақылауға болады. Өз жұмысымызда біз айқын тәжірибе мен білімді қолдана отырып ата-аналарға өздерінің педагогикалық біліктілігін көтеруге көмектесуге тырысамыз. Тәрбие беру үдерісі асыра сілтеулерсіз өтуі үшін, тәрбиешілер мен отбасы бір-бірімен әрекеттесулері керек.
Үстіңде айтылып отырғандай және ата-аналардың ұсынылып отырған шараларға көңіл білдірулерін көріп, осындай мақсат қойылды:
1. Ата-аналарды өзіміздің одақтастарымыз қылдыруға,
2. Балалардың білімділік-тәрбиелік үдерісінде оларға белсенді орынға шығуларына көмектесу,
3. Өз балаларына деген құқықтары мен міндеттерін түсініп жанжалдасу мен жауапсыздықтың деңгейін төмеңдету. Бір реттік әрекеттер арқылы отбасымен құрылымдық әрекетке жету мүмкін емес, ол айнымайтын ұзақ жұмысты талап етеді.
Ең бастапқыда, біз өз алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
1. ата-аналардың педагогикалық біліктілігін арттыру;
2. балаларды тәрбиелеудегі күштерді біріктіретін әріптестік қатынастарды орнату;
3. ортақ қызығушылықтар мен тәрбиелік күш салысу атмосферасын жасау;
4. баланың даму үдерісінде ата-анаға өзінің рөлін сезіну;
5. ата-аналардың көңілдерін мақсаттар мен міндеттердің, балаларды тәрбиелеудегі амал мен тәсілдерді, олардың эмоционалды амандықтарын, толықтай физикалық, психикалық және ақыл-ой қабілетінің дамуының қалыптасуына зейіндерін қою;
6. қоғамдық және отбасылық тәрбиелеудегі құптарлық тәжірибесін насихаттау. Осы мәселелерді шешу екі жақтан үлкен сенімдік пен толық мағлұматты білуді талап етеді. Бастапқыда, әр ата-анада өзі сенген түсініктің қалыптасуы керек, яки балабақша – бұл маңызды мекемелік құрылым және ММ бүкіл жұмысына байыпты және жауапты түрде қарау керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл қатынас балабақшаға ең бірінші уақытта барып келуінен қалыптасу керек. Бұған себепші болатындар дәліздегі ақпараттытақырыптық стендтер, бұл жерде ММ көп қырлы жұмысы, грамоталары мен дипломдары орын алады, олар осы мекеменің жұмысының сапасына баға береді. Сондықтан да тәрбиешінің құрылымдық әрекеттесуі отбасымен жұмыс істеу барысында олардың педагогикалық және психологиялық біліктілігін арттыруға әкеледі. Егер де тәрбиешінің өзінің кәсіби деңгейі өссе, өзара бірге жұмыс істеуі мүмкін болады. Тәрбиеші мектеп жасындағы тәрбие беру педагогикасын, сөйлесу психологиясын және басқа білімдерді жақсы меңгерген болса, сенімді түрде ата-аналармен сөйлесе алады, жалпы тәрбиелеу шешімдері мен баланың дамуына бағытталған серіктік қатынастарды құрай алады.
Бұған балабақшаның отбасы үшін ашықтығы себепші болады:
1. ата-аналардың балабақшаның топтарына жүйелі барып тұру;
2. бірлескен мерекелердің ұйымдастырылуы;
3. тәрбиешілердің өзінің тәрбиеленушілерінің отбасыларына бару арқылы, ары қарай ата-аналармен өзара қатынасуын жоспарлау;
4. әңгіме өткізу, консультациялар, бала жұмысын көру және т.б. Мектеп жасындағы білімнің қазіргі заманғы кезеңінде ата-аналармен сапалы жұмысты іске асыруға құрылымдық бағыттар қандай екен? Бірінші бағыт. Бұрынғының ең жақсы дәстүрінің жаңаруы, яғни мектепке дейінгі педагогиканың және психологияның «классикалық жүйесі» деуге болады. Ұйымдастыруды болдырмауға, отбасымен жұмыс істегендегі үстемдікті, балабақшаның оқшаулануын болдырмау. Бұрынғы болған барлық жақсылықты қазіргі заманғы технологиялар мен мектепке дейінгі облысындағы жасампаздықты қосу.
Екінші бағыт. Балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу алдын-ала отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен таныстыруды ескереді, сол арқылы отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің жақындасуы жүреді. Отбасылық тәрбиелеудегі таңдаулы үлгілерді балабақша жағдайында қолдану керек, ал мектепке дейінгі мекеменің жетістіктерін отбасылық игілігі қылу. Өзара әрекеттесудің жаңа түрлеріне мектепке дейінгі жасындағы балаларды тәрбиелеу жөніндегі сұрақтарға толы педагогикалық әдебиет көрмесінің ұйымдастырылуы, даму барысындағы түзетулер мен диагностикадағы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктері туралы мағлұматтар, педагогикалық болжам, психологиялық тестілеу және т.б.
Үшінші бағыт. Қазіргі заманғы ғылыми білімдердің педагогика облысында және мектепке дейінгі балалық шақтың психологиясы және халық педагогикасының таңдаулы дәстүрлеріне сүйене отырып кадрлік қамтамасыз етуді дайындау. Қоғамдық тәрбиелеу жағдайында мектепке дейінгі балалық шақтың ортасын дамытудың ұйымдастыруының маңызды факторы болып келетін этномәдениет, ұлттық құрауыш. Мектепке дейінгі балалық шағының қазіргі заманғы педагогика беталысында тәрбиелеудегі таңдаулы халық дәстүрлері ескерусіз қалмаған. Қорытындылай келгенде былай айтуға болады: Өсіп келе жатқан ұрпақ, өзінің отбасысы қандай болса ол да солай болмақ. Бірақ та, А.С.Макаренко жазғандай, «жақсы отбасылар және жаман отбасылар орын алады. Отбасы өз баласын дұрыс тәрбиелеп жатыр деп біз кепілдік бере алмаймыз, сол сияқты отбасы өз қалауы бойынша тәрбиелей берсін деп біз тағы да айта алмаймыз. Біз отбасылық тәрбиелеуді ұйымдастырумыздың қажеті жоқ». Сондықтан да балабақшаның педагогикалық ұжымының негізгі күш салуы, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруіне бағытталған. Педагогикалық диалог жолы арқылы балабақшаға кіргенде, отбасы баланың тәрбиесі жайлы нақты ілім алып, мамандардың жұмыс істеу түрімен танысып, отбасыда тәрбиелеу шеберлігін игеріп алады. Қазіргі заманғы кезеңде ата-аналармен жұмыс жаңа деңгейде өту керек, оның міндеті болып балабақша мен отбасы жағдайындағы балалар өмірінің сапасының жоғарылауы болып табылады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *