Ақша табу оңайма?

Табыс мәселесі үлкеннен кішіге дейін барлығымызды алаңдататыны рас. Көбіміз оңай ақшаны іздеуге талпынып тұратынымыз да жасырын дүние емес.Әсіресе соңғы кездері осы қаржы тақырыбы жастар мен жасөспірімдер арасында қызу талқыда. Ал, ақша табудың оңай жолы бар ма? 

Дамыған заманда шешімі жоқ жағдайлар азаюда. Кез келген тығырықтан шығар жолды тек өзің әрекеттенсең ғана табасын. Яғни, қазіргі заманда көпшілік жастардың ақшаны қайдан табамын деген уайымдары жай сылтау секілді. Себебі, осындай ғаламтор билеген әлемде түрлі жаңалықтар күн демей, түн демей пайда болуда. Солардың ішінде табыс табуға мүмкіндік беретін ақпараттар да бар. Мысалыға, күнделікті өмірде қолданып жүрген әлеуметтік желілердегі контенттер, сағат сайын әрі үздіксіз  қайдан шығып жатыр деген ой туындамайды ма? Осы тұрғыда көбімізге «smm»,  «pr manager», «мобилограф», деген секілді атаулар таныс шығар. Міне жаңа заманның жұмысы деп те осыларды атауға болады. Қашан қарасан телефонға телміріп отыратын жастар үшін таптырмас табыс көзі десекте артық емес. Соның ішінде әсіресе, мен үшін керемет жаңашылдық болды. Ашып айтсам, менің осыдан бір жыл бұрын «мобилография» мамандығына алғашқы қызығушылығым пайда болған. Уақыт өте келе сол қызығушылық  нағыз табыс табудың жаңа тегіне ұласқан еді. Қолымдағы бар телефонымның камерасымен әдемі кадрларды ала отырып, түрлі бейнетаспаларды түсіріп әрі оны сапалы монтаждау арқылы өз ақымды алып жүрдім. Ал, оны қалай дұрыс жасау керек екенін тегін тұрған ашық сайттардан ақ оқып, біліп алдым. Солай аз уақыт ішінде белгілі деңгейде тәжірбиемді арттырып тұрақты жерге «smm» ретінде яғни, белгілі бір жердің инстаграм парақшасын жүргізетін маман болып жұмыс атқарған едім. Бұл мендей оқушыға  жазғы 3 ай демалысымды аса үлкен  пайдамен өткізуіме көмек берді.Осы арқылы қазіргі ақпараттық қоғамның бізге бергенін пайдамызға асыруға әбден болатындығын көре аламыз.

  «Instagram» немесе тағы басқа әлеуметтік желілерді сен емес керсінше олар сені керек ететіндей деңгейді қалыптастыру керекпіз. Міне, жеке өз тәжірбиеммен бөлісе отырып, өзім секілді жастарға ниет, ізденіс және еңбекті қатар ала білсеңіз барлық мүмкіндіктің есігі ашылары сөзсіз деп айтқым келеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *