Ағылшын тілін оқытудың озық әдістері

Адам табиғаты эволюциялық дамуға бейім жаратылыс. Ми жасушалары жаңа ақпаратпен түрленіп, дамып отырмаса дегенерацияға ұшырайтыны сияқты, тежелісі тоқырауға әкеп соғатын қоғамның маңызды тетікері бар. Әсіресе, білім беру саласы да жаңа бетбұрыстарға дайын болу керек. Жаһандық жаңалықтарға бейімделе алмаған білім беру жүйесінің болашағы да бұлыңғыр. Бәсекеге қабілетті маман дайындаудың бірінші баспалдағы — мектеп  табаллырығынан басталады. Үш тұғырлы білім беру стратегиясын ұстанатын біздің еліміздегі өзекті мәселелердің бірі- шәкірттерге бастауыш сыныптан шет тілін меңгерту. Жерге себілген дақыл да бірден көктемейтініндей, бала санасына егілген білім дәнегі де бірден өнім бермейді. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап елімізде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту қолға алынған еді. Ал, 2015 жылы «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» жасалды. Аталмыш бағдарламар білім беру жүйесіне елеулі һәм оң өзгерістер алып келді. Алайда, мемлекеттің бағыт сілтеуі мен жаңа бағдарламаларынан бөлек, әр маманның оқытуда өзіндік тәсілдері болу керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *