Ахмет-ұлы тұлға.

Тақырыбым: Ахмет-ұлы тұлға.

Мақсотова Асылзада Ақылбекқызы

Менің білуім бойынша Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері және де ұлы ұстаз болған. Әдебиетті «асыл сөз» деп айтып кеткен. Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып қойған аты-Шошақ. Ол А.Пушкин, М.Лермантов өлеңдерін қазақшаға аударды. Ғалымның алғашқы кітабы-«Қырық мысал». 1909 жылы жарыққа шықты. Екінші кітабы «Маса» 1911 жылы жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті бар.Сәкен Сейфуллиннің Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтқан мақаласын оқыдым. Онда былай деп жазылған : Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым адам емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патшаның қорлығына, мазасына түскен халықтың намысын қорғап, дауысын шығарған адам. Қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз Ахмет еді. Қазақ халқының сол уақыттағы кейбір көзі ашық оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, ал кейбіреулері арларын сатып ұлылықты істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аяған жоқ.Ойымды қорыта келгенде, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқына үлкен зор үлесін қосты. Қызметі таудай болды. 1937 жылы қазан айында тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген жалған айыппен ату жазасына кесілді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *