Ахмет Байтұрсынұлы -қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі

 

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым.   Біз,қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері студенттік шағымыздың соңғы жылында  университет  тарапынан  А.Байтұрсынұлы мұражай-үйіне өндірістік  бардық. Осы тәжірбиені жан-жақты жүйелі түрде өткізу арқылы бізге, яғни әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің білім алушыларына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының дара тұлғасын тереңірек танып білуімізге үлкен мүмікіндік туды.

Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі, не өзіндік жазуы қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген, малмен бірге ұйықтап, малмен бірге жусаған қалың ұйқыдағы халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай ызыңдаған үлкен ақын, тілім деп түн ұйқысын төрт бөлген талантты тілші, шебер аудармашы, түркі тілдес халықтар тұлға тұтқан түрколог қоғам ісіне араласқан мемлекет қайраткері. Бұл санамалап отырған атақ, дәреже, лауазымдардың өзінен өзі келмегені мәлім. Ол талмай ізденіп тамаша туындылар берген. Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) небір тар, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға.

Ел басына төнген кешегі қара түнектің көбесі сетінеп, әділеттің ақ жалауы көтерілгелі бері қазақтың ұлттық мәдениеті аспанында шуақты нұрын төгіп жарқырай жайнаған рухани көсемдер туралы, олардың өмірі мен шығармашылық өнері жайлы, азаматтық болмысы мен қайраткерлік қарымы туралы біраз дүниелер жазылып, көпке беймағлұм көмескі жайлардың көзі ашылғандай. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай, рухани қазынамыздың олқы тұсының орны тола бастады. Негізгі тақырыпқа көшпес бұрын, тарих тұңғиығына батып мәңгі жоғала жаздаған Ахмет Байтұрсынұлы сияқты Алаш ардагері арыс ұлдарымыздың асыл еңбектерін көздің қарашығындай сақтап, осы күнге жеткізген жеке адамдарға, архив қызметкерлеріне және бұларға жабылған жаланы жұлып тастап ақтауда ат салысқан еліміздің естияр азаматтарына жұрт риза екенін айта кеткіміз келеді.

Баққожа Перизат , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің 3 — курс студенті

Мекебаева Лейла Адамқызы ф.ғ.к, аға оқытушы

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *