Ана тілім арым бұл.

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл.Сондықтан . Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе қазірде еліміз дамып ана тілін ұстанушылар көбейер еді..Алайда осыны ескермей орыс тілінде шүлдірлеп, қазақ тіліндегі әнді тыңдауды қор санап жүрген қазақ жастары қаншама. Кейбір мекемелерге барсаң орыс тілінде сауатты жазылған сөз қазақ тілінде мүлдем ұйқассыз аударылып, есіктерінде ілініп тұрады. Мұны көргендердің бірі езу тартып күліп, енді бірі оған мән бермейді де. Біздің басты кемшілігіміз осы қазіргі қоғамда орыс тілді адамдар қазақ тілінде сөйлетін адамда орысша сөйлеп қазақ тіліндегі адамда өзінің қазақ тілінің орнына орысша жауап қайтарады қазіргі заман кемшілігі осы болар, бәлкім. Бұған жауап ретінде ақын Оразақын Асқардың мына бір өлең жолдарын алар едім:
«Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар».
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғамда басқа түрлі тілдерді үйренуге шектеу жооқ. Алайда әр қазақ өз тілінде сөйлеп өзге ұлттардың жанында өз тілін жоғары қойса нұр үстіне нұр болар еді
Қазақ тілін қазақ қолдамаса басқа ешкім қолдамайды! !
Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

1 курс дінтану мамандығының студенті Ертай Ақбота
Жетекші аға оқытушы Тунгатова Ұ.А. www.kaznu.kz

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *