«Алтын күз» ертеңгілік

Сакенова Айдана Еркебулановна

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.                                                                                    

Қатысушылақ: Орманшы,Түлкі,Күз ханшайымы.

Жүргізуші:                                                                                                                                                     Құрметті «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің келген қонақтары! Баршаңызды Күз мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы жылдың Алтын күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін! Олай болса «Айналайын» тобы дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

 

Жүргізуші: -Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз  қандай әдемі болып кеткен

қолымызға не үстап келдік?

-Жапырақтар

-Осы жапырақтардың түсі қандай?

-Сары

   Қуандырып біздерді, өлкемізге күз келді,

  кел жемісті алтын күз кемелдейсін халқымыз.

 Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

 

Қазір біздің балалардың тақпақтарын тамашалайық.

Аяулым:
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Алия:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Егор:

Жапырақ ұшты

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.
Елизавета:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жания:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.
Айсулу:

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

 Сыбдыр — сыбдыр етеді

 

— Осы кезде әдемі  әуенмен Күз ханшайымы  келеді

Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!

Балалар:-Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:-Уа,халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсан тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқымның алғысын

-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Шоғы толған гүлдей жайна
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!

 

Күз  Ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.

Ән: «Күз тамаша»

Күз  Ханшайымы:-Қандай тамаша әндерін өте әдемі екен. Ал енді мен сендермен бір ойын ойнағым келіп отыр.

Ойын:«Сиқырлы орамал» ойыны (балалар залдың ортасында орналасады, көздерін жұмады. Күз олардың үстінен айналып, бір баланы орамалмен жабады. Балалар тұрып, күз орамал астына кімді жасырғанын табады. Ойыннан кейін балалар орындықтарға отырады. . Осы уақытта ағаштың түбүрінде орман қарақшысы отырады Қатты күлкі естіледі.

Орманшы: Хи-хи-хи,Ха-ха-ха.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы ағаштың түбінде орманшы отыр екен.Ол біздің күз ханшаймның досы. Қарандаршы қандай ол қөңілді,өте қатты күліп отыр.Барып оңы оятайын.-Орманшы ата тұрыныз бізде мереке болып жатыр. Ой буй орманшы атамыз қатты ұйықтап жатқан сияқты олай болса барлығымыз бірге оятып көрейік.Балалар бірге –Орманша ата ояныңыз деп оятады.

Орманшы:(Керіліп оянады).- Сәлеметсіздер ме балалар! Ох қалай күлдірттіңдер мені.

Күз:-Кімдер?

Орманшы: -Ой анау орманшы ата!

Күз: -Орманшы ата сіз емессіз ба!

Орманшы: -Ия мен орманшы атамын мен өз өзімді күлдіртім, ал сендерді күлдіртейінбе?

Балалар: -Ия

Орманшы:— Олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп отыр. Ойын «Жейтін,жемейтін» деп аталады.Жейтін болса «Ням-ням-ням»дейсіндер,ал жемейтін болса «Фу-Фу-Фу» дейсіңдер.Орманжы жейтін,жемейтің заттарды атайды балалар мұқият тыңдап орындайды.

-Ой қандай күлкілі ойын болды.Тамаша қөңіл көтердік. Ал енді мен сендерді күлдірттім ғой енді сендер мені қуантыңдар.

Би: «Қолшатыр биі»

-Өте тамаша би.Маған өте қатты ұнады. Жарайсындар балалар!

-Осы кезде әуен ойнап түлкі қоңаққа келеді.

Түлкі: -Мында неге барлығы күліп қөңіл көтеріп отыр а……!

Жүргізуші: -Бізде Алтын күз мерекесі болып жатыр. Балалар тақпақтар,әндер айтып, ойын ойнап ,би билеп көңіл көтеріп жатыр.

Түлкі: -Түсінікті,Түсінікті!  Ал мені мерекеге шақырмадындар!

Күз:- Жоқ жоқ түлкі ханым қош келдіңіз, төрлетіңіз біз бен бірге мерекені тамашалаңыз.

Түлкі: -Жақсы,жақсы қалайын мен көңіл көтеруге ұнатамын ән айтып,би билеп. Ал сендер білесіңдерме мен фокус покус жасай аламың. Фокусты жақсы көресіңдер ме? Олай болса көздеріңді жабыңдар және үшке дейін санаңдар.

(Балалар санай бастайды ал түлкі күз ханшайым әкелген себетті алып қашып кетеді.)

Күз: — Ойбуй фокус-покус деп балалар түлкі бізді алдап соқты менің сендерге әкелген сыйлықтарымды ұрлап алып кетіпті.

Орманшы: -Ох осы түлкі ма,мен оған айтып едім алдауға болмайды деп қараш өзіне. Түлкі қаңекей қайтар балалардың сыйлықтарың.Көрсетем саған Фокус-покус!

Түлкі: -Аха қазір қайтарам армандапсындар, өзім жеп қоямын.

Жүргізуші: -Түлкі сен өте әдемі,сүйкімді жануарсын біз саған тақпақ айтып берсек бізге сыйлықты қайтарасын ба?

Түлкі: -Ха көреміз!

Тақпақтар:

Альмухамед:
Ел егінін жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Өмірхан:
Дәрумендер тірегің,
Жемістерден аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
Дамира:
Ал, балалар тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Күзгі балда әдемілеп,
Шырқатып ән салайық

Ән: «Күз,Күз»

Түлкі: —Жарайды сыйлықтарыңды қайтарайын әндерің,тақпақтарын маған ұнады. Бірақ менімен бөлісіндер жарай ма!

Жүргізуші: -Әрине бөлісеміз. Біздің қыздарымыздың жақсы билері бар екен соныда тамашалап кетіңіздер.

Би: «Тамшылар»

Күз Ханшайымы: Міне, балалар, ата – аналар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз, Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.

Жүргізуші: Балалар міне біздің шағын ертеңгілік кешіміз аяқталды.Құрметті  қонақтар ниет қойып тыңдағандарынызға көп-көп рахмет! Берекелі бақ-дәулет Арта түссін тойланып. Сау болайық бәріміз, Келгенше күз айналып! (Балалар ән ырғағымен залдан шығады)

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *