«Табиғатым тамаша»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы елді мекені
№9 «Бәйтерек» балабақшасы
МКҚК тәрбиешісі:
Базарбаева Курбангул Дузбаевна
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Табиғатым тамаша»
Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға жанды және жансыз табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі – құралдар: тақырып бойынша суреттер, дидактикалық ойындар,видео – слайд,
Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.
Табиғатымыз тамаша
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап.
Жүрейікші балаша
Сәлем саған нұрлы Күн!
Сәлем саған Жер-Ана.
Қайырлы таң Достарым.
-Балалар бүгін біз табиғат туралы әңгімелейміз.
-Балалар Табиғат дегеніміз не?
Дұрыс айтасыңдар. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер. Жер мен ай, күн, аспандағы жұлдыздар осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді.
-Ал, сендер табиғат туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Тақпақтар
А.Қарақат:
От та, суда, ауа да
Жан-жануар барлығы
Орман теңіз тауларда
Табиғаттың байлығы
Нұрай:
Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам содан мен
Мәңгілік болсын егіздер
Жер –Ана , көк теңіздер
Айдана
Бұтақтарды сындырмай
Тазалықты сақтаймыз
Гүл өсіріп су құйып
Табиғатты қорғаймыз
Е.Қарақат:
Бақта гүлдер тереміз
Бірге ойнаймыз күлеміз
Міне біздер қандаймыз
Табиғатты қорғаймыз
(Құмға орындарына барады)
Экранға назар аударайық
Табиғат екіге бөлінеді екен. Ол жанды табиғат және жансыз табиғат.
Жанды табиғатқа: ағаш, шөп, гүл, адамдар, аңдар, құстар жатады, олар өседі, дем алады, көбейеді, денесінде жан бар.
Жансыз табиғатқа: су, тас, құм, ауа жатады, олар өспейді, дем алмайды денесінде жаны жоқ.
Бірақ осы жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.
(Балалар өздеріңе ұнаған табиғатты құмның бетіне түсірейікші)
Тыныштық сәті: (Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау)
Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер?
-Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар? -жаңбыр, найзағай, жел
-Дұрыс айтасыңдар. Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.
Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар. Осы естіген дыбыстарыңды, яғни табиғат құбылыстарын құмның бетіне түсіріп көрейікші. (құмды шашпаймыз, төкпейміз)
-Балалар енді сергіп алу үшін «Жақсы –жаман» ойыны ойнап жіберейік.
Ойын ережесі: “Жақсы-жаман қасиеттер қарап “Жақсы” қасиет болса қол шапалақтау “Жаман” қасиет болса тып-тыныш отыру.
(Гүлдерге су құю. Ағаштарды сындыру. Құстарға жем беру. Құстың ұясын бұзу
Гүлдер жұлу. Құстарға ұя жасап беру)
Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек.
-Жарайсыңдар.
-Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.
Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ? -Ауа
– Ауа не үшін керек? -Демалу үшін
– Ауаның түсі қандай? – Түсі жоқ , көрінбейді
– Қолмен ұстауға болама? – Жоқ қолмен ұстауға болмайды
Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.
– Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме? Көрмейміз дұрыс айтасыңдар, бірақ олсыз өмір сүре алмайды екенбіз.
-Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?
-Дұрыс бұл су.
-Ал судың қандай пайдасы бар? -ішеміз,жуынамыз,
Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.
Жарайсыңдар,балалар бәріміз менің қасыма жиналамыз.
Қорытынды:
-Бүгін балалар не жайлы айттық?
-Табиғат деген не екен?
-Нешеге бөлінеді екен?
-Ендеше бүгінгі естігендерімізден не түсінгенімізді анықтау үшін
«Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын.
Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен жанды және жансыз табиғат бейнелерін таңдап алып, алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті жеріне апарып орналастырамыз.
-Жарайсыңдар. Бүгін оқу қызметіне барлықтарың жақсы қатысып, атсалысып отырдыңдар. Рақмет сендерге. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.