Адамзат  мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

Түркістан облысы, Арыс қаласы
№4бастауыш мектебі КММ
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Байдабекова Акмарал Сайлауовна

 

Сабақтың тақырыбы: Адамзат  мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

Құндылық:  Ақиқат.

Қасиеттер:шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік

Мұғалім:Байдабекова Акмарал

Сынып: 4 «В»Оқушылар саны:

Сабақтың мазмұны: Ресурстар
Сабақтың мақсаты:Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі  туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік:  — тек шындықты айтуды үйрету;

Дымытушылық;  — басқалардан жақсыны көре білуге баулу;

Тәрбиелік:  — оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:  5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену  «Су асты патшалығына саяхатқа »  шығамыз.

2.Үй тапсырмасын  тексеру.

— Жазғы демалысты қалай өткіздің? Әңгімелеп бер.

 
3. Дәйексөз.Сократ

                      Алдымен өзіңді — өзің таны.

—         Өзіңді-өзің тану дегенді қалай түсінесің?

 
4. Әңгімелеу.

Сократ – ежелгі грек ойшылы

Сократ қарапайым өмір сүрген. Ол ел ішіндегі атақты адамдармен кездесе бастайды. Бірақ оларға көңілі толмайды. Содан жұрт алдына шығып сөз сөйлейді. Қарапайым адамдармен өмір жайлы әңгімелесуді әдетке айналдырады. Оған «жастарды азғырып жатыр» деген жала жабылады. Артынан қуғын түседі. Ақыры түрмеге қамалады. Жазадан құтылудың жалғыз жолы не өз ойынан бас тарту, не елден кету болады. Сократ достарының көмегінен бас тартады. Сократ «Менің жазадан қорқып, өз ойымнан бас тартуым – жауынгердің қорыққаннан шайқасты тастап кетуімен бірдей» деп, табандылық танытады.

«Ұлылардан ұлағат» топтамасынан.

—         Сократ деген кім?

—           Ол қарапайым адамдармен не жайында әңгімелесуші еді?

—           Сократты не үшін қамауға алды?

—           Жазадан құтылу үшін Сократқа қандай шарт қойды?

—           Сократ елінің адал азаматы екенін қалай көрсетті?

—           Өзің ұлы адамдардың бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсың?

 
5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма  Грек даналарының нақыл сөздерін көкейлеріңе түйіп алыңдар.

Арды биік қоюға әдеттен.

Сөйлеген кезде асықпа.

Жалған сөзден аулақ бол.

Күшпен алма, ақылмен ал.

Ұят нәрседен қаш.

Білімді сүй.

Жолда асықпа.

Өзіңді-өзің сақта.

  2-тапсырма Сократтың нақыл сөздерін оқып, дәптерлеріңе жазып алыңдар.

«Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек».

 «Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей».

«Тек бір ғана жақсылық бар ол – білім, тек бір ғана жамандық бар ол – надандық».

« Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ».

«Әлемді өзгертпес бұрын,өзіңді өзгерт».

3-тапсырма       Өз ойларыңнан қанатты сөздер ойлап табыңдар. Дәптерлеріңе жазыңдар.

Даналық – адамзат баласының сан ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы. Даналық – адамның ақыл-ойының, білімінің, тәжірибесінің жемісі. Даналық сөздер ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырады. Даналық ойлар адамның өзін, өзгелерді, қоршаған ортаны, әлемді тануға мүмкіндік береді. Даналықтан тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі, өсиет, ұлағат аламыз.

 
6. Топпен өлең айту.

Ана тілі                   Өлеңін жазған Әдібай Табылдиев

Әнін жазған Мақсат Дауылбаев

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой, білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді

 
7. Үй тапсырмасы.

1.   «Ана тілі»    —  Әдібай Табылдиевтің өлеңін жаттап келу.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *