PISA оқу сауаттылығын зерттеу

 

Оқушыларды дағдарысқа ұшыратқан мәселелер

(PISA оқу сауаттылығын зерттеу)

 

Қазіргі қоғамда жаңа технологиялар ақпаратты оқу және беру сипатын өзгертті, бізге өзгермелі контекстке тез бейімделетін және әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып жұмыс істей алатын және үйренетін тұлғалар  қажет.

Оқу сауаттылығы туралы түсінік өзгеруде, неліктен?

Білім берудің мақсаттары өзгеруде,ол мақсаттар: білім жүйесін меңгеруден әр түрлі мәселелерді шешу үшін білімді пайдалана білу, қажетті ақпаратты табу, жаңа білім мен технологияларды құру үшін ақпаратты түрлендіру қабілетін қалыптастыру.

  • Талдау, бағалау, жалпылау кезіндегі қиындықтар.
  • Құбылыстар мен оқиғаларға әртүрлі көзқарастарды  білдіру, олардың мағынасының өзіндік нұсқасын көрсету кезіндегі  қиындықтар.
  • Тапсырмада (мәтінде) тікелей қамтылмаған ақпаратты айта алмау, мысалы, болжам жасау кезіндегі қиындықтар.
  • Мәтін мен мәтіннен тыс білім арасындағы байланыс, яғни шынайы өмірмен байланыстыру кезіндегі қиындықтар.

Оқу сауаттылығы – адамның   алдына   қойған    мақсатына  жету, білімі   мен    мүмкіндіктерін    кеңейту,    қоғамдық    өмірге  қатысу    үшін   мәтінді   түсіну   және   пайдалану,              олар  туралы   ой   елегінен   өткізу   және   оқумен   айналысу   қабілеті.   Ұғымның   мәні   мына    белгілерден   тұрады:

Түсіну

Оқыған ақпаратты түсіну қабілеті

Рефлексия

Рефлексия   мәтіннің   мазмұны   немесе    құрылымы   туралы  ойлауды қамтиды.

Қолдану

мәтіннен   алынған   ақпаратты   белгілі    бір    өмірлік    тапсырманы   шешуде   қолдану.

PISA зерттеулері аясындағы  оқу сауаттылығының  ерекшеліктері :

Жағдаяттар  (жеке, оқу, әлеуметтік, іскерлік)

Мәтін (форматы: тұтас, жадағай, аралас, құрамдас мәтіндер;  түрі: сипаттау, баяндау, дәлелдеу, түсіндіру, нұсқау, пікір айту).

Оқу дағдылары (іштей оқу, дауыстап оқу, көз жүгіртіп оқу, түсініп оқу т.б.)

 

 

 

PISA  зерттеулері  аясындағы  оқу дағдыларының  диагностикасы :

Негізгі 3 дағдының қалыптасуын талдау.

  1. Оқу арқылы қажетті ақпаратты тауып, түсініп, белгілеп алу ,
  2. Ақпаратты өз сөзімен баяндау, түсіндіру
  3. Ақпаратты бағалау .

 

    Оқу  сауаттылығын дамытудағы   стратегиялар:

— Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац   сандарын шолу.

— Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.

— Детальді түрде оқу:  әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу.

— Рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын образға еніп оқу арқылы саралау.

-Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойына өзіндік үн қосу.

Оқу сауаттылығы бойынша қарастырылатын мәтін түрлері .

Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді. Олар:

 

1.Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау).

  1. 2. Жадағай(тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий).
  2. 3. Аралас мәтін(тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық   веб – парақтар, ғылыми диссертациялар мәтіні, өмірбаян).
  3. 4. Құрамдас мәтін(бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, ана тақырыбына жазылған әрбір ақынның  туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).

Қорытынды:

Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою үшін әрбір сабақта мәтінмен жұмысқа үлкен көңіл бөліну керек!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *