5 саны мен цифры

Пазылбекова Жұлдыз Пазылбекқызы

«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы

тәрбиеші

Тобы: «Ертөстік» ересек тобы

Білім беру саласы: Таным білім беру саласы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: 5 саны мен  цифры

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балалар өз достарын құрметтеуге, сыйлауға, өзара тіл табысуға, командада жұмыс жасауға тәрбиеленеді

Білімділік: 5 саны және цифрының құрамымен танысады. 5 санын ажыратып,орнын табуға қалыптасады.

Дамытушылық: Сыни ойлауға, 5 санын ойын тапсырмалар арқылы ажырата білуге дағдыланады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: 5 саны және цифрын таниды

Түсінеді: 5 санының құрамын біледі

Қолданады: 5 санының заттармен сәйкестендіреді

Ойлау деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану

Әдіс-тәсілдер:

Ойын, топтастыру, бақылау, саралау, 4К

Сәлемдесу

Үш тілде амандасады

«Тілші» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау.

Шарты: тәрбиеші жүргізуші болып, кез –келген балаға ашық сұрақ қояды. Бала сұрақтарға жауап береді.

Ашық сұрақтар:

-Математика оқу қызметінде немен танысамыз?

-геометриялық пішіндерді ата?

«Кері байланыс»:

-Геометриялық пішіндер нелер құрасыруға болады?

-Санадар не үшін қажет?

«Ғажайып сәт»

Ашық сұрақ

-Балалар сендер ойын-сауық орталығына  барғыларың келема?

-Әрине

-Олай болса «Happy town»  ойын-сауық орталығына барайық

Саяхатқа шығамыз дорбамызды аламыз

Ой бұл кім? Ой бұл не?

Бұл құм, астынан өте алмаймыз

Үстінен өте алмаймыз

Кеттік тура

-Балалар «Happy town»  ойын-сауық орталығы екінші қабатта, жоғарыда орналасқан екен. Жоғарыға немен шығамыз. -Баспалдақпен

Тәрбиеші жетекшілігімен ойын: «Баспалдақ»

Мақсаты:  Сан құрамын анықтауды үйренеді.

1

 

2

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

Балалар тақтаға шығып санның қасына заттарды орналастырады.

-Ал балалар 4-тен кейінгі сан бұл 5 саны

5 санында 5-бірлік болады. 5-саны сандық қатарда 5-і тұрады. 5санының кіші көршісі-4

Билингвалды компонент: Бес-пять-five

-Міне балалар «Happy town» ға да келдік.

Ішіне кіру үшін бізге не керек?

-Арнайы карточка

-Оны алу үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.

 Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын:

«Жасырынған сандарды табу»

«Happy town» суреті шығарылады.

-Балалар қараңдаршы  «Happy town»-ның сол жағында қандай ойындар  орналасқан?

-Автомат ойындары

-Оң жағында қандай ойындар орналасқан?

-Батут ойындары

-Алдымызда қандай  ойындар тұр?

-Машина аттракционы

«Топтастыру әдісі»:

І.Автомат ойын тобы

ІІ.Батут тобы

ІІІ.Аттракцион тобы

Сараланған топтық тапсырма

І.Автомат ойын тобы – Автомат ойынынан шыққан суреттен 5-айырмашылықты табады

ІІ. Батут тобы- Интеллектум ойыны: Кубиктерден 5-цифрын құрастырады

ІІІ. Аттракцион тобы- 1-ден 5-ке дейінгі цифр жазылған ұшақтарды қисық, толқын, ирек, түзу сызықтармен  байланыстыру.

Мақсаты:  Балалардың оқу қызметіне қызығушылықтары артады. Сыни ойлауға дағдыланады, ойын арқылы белсенділігі артады.

Тікелей бақылау, оқу ортасы арқылы саралау, бала үні

Сергіту сәті:  «Happy town»  ойын-сауық орталығының кейіпкерлерімен сергіп алайық

Картотека №27

Құрылымдалған ойын:

«5 санының құрамын анықта»

Мақсаты: Заттың құрамын анықтауды түсінеді, затқа санды сәйкестендіреді.

 Картотека №28

Педагог жетекшілігімен ойнатылатын ойын. «Қанша?»

Мақсаты: Заттың санын цифрмен сәйкестендіруді және сандарды ажырата білуге үйрету, нақты жауап беруге, интербелсенді тақтада жұмыс жасауды үйренеді.

Шарты: Берілген суреттерді санап санмен сәйкестендіреді.

«Тәтті алма» әдісі арқылы қортындылау.

Ашық сұрақтар:

-Қандай санмен таныстық?

-5 санының кіші көршісі қай сан?

-5санының үлкен көршісі қай сан?

-5саны неше бірліктен тұрады?

Бала үні, кері байланыс, рефлексия, Мадақтау.

Бүгін оқу қызметінен алған  көңіл күйлерің қандай?

«Басбармақ әдісі» арқылы бағалау

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *