«Спорт еліне саяхат. 5 саны және цифры»
Шардарбекова Айгүл
«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Математика негіздері
Тақырыбы: «Спорт еліне саяхат. 5 саны және цифры»
Мақсаты
Тәрбиелік: дербес қимыл белсенділіктері, достық қарым-қатынастары артады.
Білімділік: 5 санымен танысу және санау, заттарды үлгі бойынша және аталған
саны бойынша санау дағдысы қалыптасады.
Дамытушылық: креативті ойлау, танымдық дағдылары дамиды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Топпен жұмыс істеуді біледі.
Түсінеді: Бес саны ұғымын дұрыс игереді.
Қолданады: Көрнекіліктерді қолданып,дұрыс орындай алады.
Ресурс: Жұмыс дәптері,таратпа материалдар,АКТ, интелектум ойындары, Монтессори ойын құралдары.
Әдіс-тәсіл
Ашық сұрақтар, бала үні, миға шабуыл, топтық жұмыс.
Билингвалды компонент
Бір-один,екі-два,үш-три, төрт –четыре, бес-пять
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар үш тілде амандасады.
Балаларды топқа бөлу
(Жемістер арқылы топқа бөлу)
«Миға шабуыл»
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
-Бір аптада неше күн бар?
-Сандармен нестиміз?
-Сандар қайда өмір сүреді?
Негізгі бөлім
Тақтада жұмыс
Жаңа тақырыпты бастау
-Балалар Түлкінің туылған күніне барған достары жайлы ертегіні бірге айтайық.
Триз әдісі арқылы ертегіні айтып беру.
Жаңа тақырыпты бастау
Түсіндірме.
-Түлкі неше жаста екен?
-5-санымен таныстыру.
5 саны 4 санынан 1 санға үлкен сан екенін түсіндіру.
Бес санының басқа сандардан қандай ерекшеліктері бар екен?
-Енді 5 санын шапалақ ұру , есту арқылы таяқшаларды орналастырып көрейік.
-5 саны реттілігі бойынша нешінші орналасады?
Сиқырлы тақтадан Спортукстың даусы естіледі.
-Саламатсыңдар ма балалар. Мен қыс мезгілін өте жақсы көремін, спорттық сайыстарға қатысып көптеген елді араладым. Бүгін Нұр-Сұлтанға да келіп қалдым.
Мына баспалдақтан секіріп әсем жерлерін көрейін десем тапсырманы орында деп мінгізбей тұр. Сендер маған көмектесесіңдерма?
-Баспалдақ тапсырмаларын орындау.
1- тапсырма.
Сандарды ретімен орналастыр.
Вагон терезелеріндегі орны ауысқан сандарды ретімен орналастырады, санайды.
Сандарды екі тілде қайталайды.
2 тапсырма.
«Көршісін тап»
Берілген сандардың алдыңғы және артқы көршісін тақтадан тауып орналастырады
3-тапсырма. «Тиын мен кірпі қысқа қанша азық жинады екен?»
5 санының құрамын анықтайды.
Жолақшаға алма мен саңырауқұлақты ораластырады.
Құрылымдалған ойын. «Кеңістікті бағдарлау»
АКТ арқылы кеңістікті бағдарлайды.
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлайды, зейінін дамытады.
4-тапсырма.Дәптермен жұмыс.
Саусақ жаттығуы орындалады.
5-тапсырма.
Топпен жұмыс
1-топ: Монтессори ойын құралдарына цилиндірлерін ретімен орналастырып, ретімен санап және жуан-жіңішке, ұзын-қысқа, үлкен-кішісін анықтап айтып береді.
2-топ: Интелектум ойындарынан 5 санын құрастырады.
3-топ: Әр түрлі бөлшектерден Бәйтерек және Пирамида ғимараттарын құрастырады
Сергіту сәті.
Раз- подняться, потянуться,
Два- согнуться, разогнуться,
Три- в ладоши три хлопка,
Головою три кивка.
На четыре- руки шире,
Пять- руками помохать,
Шесть- тихо сесть.
Логикалық есептер шығару.
1. Қоянда неше құлақ бар?
2. Ағашта 5 құс отыр , оның
2-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма3 алмұрт бар . Барлығы қанша жеміс бар?
Аталған сандардың таңбасын көрсетеді
Тақтадан Астана ғимараттары көрсетіледі.
-Балалар бұл әсем ғимараттар қайда орналасқан. Нұр –Сұлтан қандай қала?
–Спортукс: Сендердің көмектеріңмен мен Астананың әдемі ғимараттарын көрдім, биік Бәйтерекке де жеттім. Мен енді жиі келіп тұратын боламын. Сау болыңдар.
-Оқу қызметінде бүгін біз қандай санмен таныстық?
– Оқу қызметін
А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен аяқтаймыз.
Қорытынды:
Кері байланыс
Мадақтау
Рефлексия
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718