М. ТӨРЕЖАНОВТЫҢ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ӘҢГІМЕСІ
Қанткүл Аяпова,
«Алтын ұя» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Қызылорда қаласы
М. ТӨРЕЖАНОВТЫҢ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ӘҢГІМЕСІ
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Мақсаты:
Тәрбиелік: «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктері артады.
Білімділік: әңгіменің мазмұнын түсінеді. «Қамқорлық» туралы білім қалыптасады. Адамға, табиғатқа, құстарға, өсімдіктерге қамқорлық жасауды біледі.
Дамытушылық: сыни ойлау, командада жұмыс жасау, коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды.
Әдіс-тәсілдер: флипчарт, әңгімелеу, түсіндіру, сауалнама, ойын, ТРИЗ. «Ғажайып шеңбер» әдісі, «Сиқырлы ағаш» әдісі, «Қасық» театры.
Ресурстар: Слайд, суреттер, таратпа материалдар.
Билингвизм: қамқорлық-забота, қамқоршы-заботливый, қамқор бала-заботливый мальчик.
Жаңа сөз: «қамқорлық» сөзінің мағынасын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: қамқор болуға үйренеді.
Түсінеді: әңгімені мазмұндап, сүйіспеншілік құндылықтар туралы біледі.
Қолданады: өмірде әрекетте қолдана алады.
Барысы:
І. Сәлемдесу. (Балалар үш тілде сәлемдеседі)
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілекпен,
Ізгілікті ниетпен,
Қамқор бала болып өсеміз!
ІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка ойнайды). Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, еркін отырамыз. Денеміз демалып, санамыз сергиді. Енді өз денеңді көз алдыңа елестетіп көр. Бір жылылық басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін келді. Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай күй кешеміз. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Ойша айналаға көз салайық. Міне ғажап, жайқалып өскен жеміс ағаштары бізге иіліп сәлем бергендей. Жүздерінен мейірімі төгілген балалар бір-біріне көмектесу үстінде. Бірі гүлге су құйып жатса, екіншісі құстарға ұя жасап жатыр, үшіншісі қарттарға көмектесу үстінде. Тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар… Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен» деп қарайды. Иә, иә шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.
Ал, енді «бір, екі, үш»деп, көзімізді ашып тобымызға келейік. Балалар сендер бүгін өте қамқор, қайырымды баласыңдар. Өйткені, сендердің жүректерің жылыққа толы.
ІІІ. Суретпен жұмыс. «Ой шақыру» әдісі. Слайд суреттері арқылы әңгіме.
– Суретте не көріп тұрсыңдар?
-Суреттегі балаға ат қойыңдар.
-Қай баланың ісі сендерге ұнады?
– Осы суреттен не байқадыңдар?
-Қай балаға ұқсағың келеді?
-Не үшін ол балаға ұқсайсың?
ІҮ. Сөздік жұмысы. «Қамқорлық» сөзін қалай түсінесіңдер?
«Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған жандарға, науқас кісілерге, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, көмектесу, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған сол жақсылықтарды «қамқорлық» деп атаймыз.
Ү. «Қамқорлық» сөзін орыс тілінде айтып үйренеміз?
Қамқорлық –забота, қамқоршы-заботливый, қамқор бала-заботливый мальчик
ҮІ. Ғажайып тақтамен жұмыс.
- Үлкенге қамқорлық жасау.
- Құстарға қамқорлық жасау.
- Өсімдіктерге қамқорлық жасау.
- Кішіге қамқор болу.
ҮІІ. Мәдіхат Төрежановтың «Қамқорлық» әңгімесін оқу. (Автормен қысқаша таныстыру).
Мәдіхат Төрежанов 1921 жылы туған. Жазушы. Оның балаларға арналған көптеген әңгімелері бар.
Мәтінді оқып танысады, сұрақтарға жауап береді.
* Әңгіме кімдер туралы?
* Нақысбек кімге қамқорлық жасады?
* Назымбек не деді?
* Кішкентай баланың аты кім?
* Нақысбек Төлегенді кімге әкелді?
* Хирург Нақысбекке не деді?
* Сендер қалай ойлайсыңдар, Күләш апай Нақысбекке ұрысты ма?
* Неге ұрыспады? (балалардың пікірі тыңдалады)
* Сендер Нақысбекке ұқсағыларың келе ме, Әлде, Назымбекке ұқсағыларың келе ме?
ҮІІІ. Топтармен жұмыс. 3 топпен жұмыс.
Ол үшін «Ғажайып шеңбер» әдісі арқылы топқа бөлінеміз. Ерекшеленген белгі алған бала топ басшысы болып сайланады.
1 – топ. слайд бойынша «Қамқорлық» әңгімесін ретімен мазмұндайды.
2 – топ. суреттер арқылы «жақсы-жаман» іс-әрекеттерді топтастырады.
3 – топ. «Қамқорлық» әңгімесінің мазмұнын «Қасық» театры арқылы рөлдерге бөлініп сахналайды.
ІХ . Сергіту сәті. «Біздің үйіміз» құрылыс материалдары арқылы бір-бірлеп құрастыру арқылы орындайды.
Мақсаты: бірлесіп еңбектене отырып, құрастыру арқылы сергіту.
Х. «Маған көмектес …» құрылымдалған ойыны. «Бәйтерек» ағашымен ойын.
Ойын мазмұны: Балалар ағашқа көмек көрсету үшін сұрақтарға жауап береді.
-Бүгін қандай әңгімемен таныстыңдар?
-Әңгіме қалай аталады?
-Нақысбек кімге көмектесті?
– Балаларға қарап, не үйрендіңдер?
-Қамқорлықтың қандай түрлері бар екен?
-Қамқор болу үшін қандай болу керек?
-Адамға, кішіге жасаған Нақысбектің ісі ұнады ма?
Қорытындылау. Табиғатқа, қиналған адамдарға қайырымдылық, жақсылық жасау дегенді білдіреді екен.
– Сендердің қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
(балалардың жауабы тыңдалады).
ХІ. Ғажайып сөз: «Қамқорлық жылы – жүректен» дегенді ұғып алыңдар. Сонда ғана сендер қамқор бала болып өсесіңдер.
Блум таксономиясы
ХІІ. Сауалнама. «Ыстық доп» әдісі арқылы қорытындылау.
ХІІІ. Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі арқылы
ХІҮ. Қорытындылау! Саусақ арқылы бағалау! Керемет!