7 «Б» сыныбы Қайырымдылық –сүйіспеншіліктің бір көрінісі

Сүйіспеншілік пен достық Мектеп:№262 мектеп- гимназия
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Найзағұлова Ықпал

 

СЫНЫП:7 «Б» сыныбы Қатысқандар :

 

Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Қайырымдылық –сүйіспеншіліктің бір көрінісі
Осы сабақта қол жеткізілетін   оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып ,дәлелді жауап беру ,өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру,талқылау

7.ӘТН4 Етістіктің есімше ,көсемше ,тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану (Есімшенің сөйлемдегі қызметі )

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:   Мәтінді оқып ,тірек сөздерді анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннен етістіктер мен есімшелерді анықтайды
Кейбір оқушылар: есімшенің сөйлемдегі қызметін меңгертіп ,мысалдар арқылы білімін бекітеді
Бағалау критерийі Мәтінді оқып ,тірек сөздерді анықтайды, мәтіннен етістіктер мен есімшелерді анықтайды, есімшенің сөйлемдегі қызметін меңгертіп ,мысалдар арқылы білімін бекітеді
Тілдік мақсаттар Оқушылар: Қайырымдылық туралы түсінік қалыптастырады ,қайырымдылықтың түрлерімен танысады

 

 Негізгі  сөздер  мен  тіркестер: етістік ,тұлғасына қарай,құрамына қарай,
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: етістіктің құрамына қарай талдайды
Құндылықтарға баулу Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
Пәнаралық байланыс Әдебиет,өзін-өзі тану
Алдыңғы оқу Отбасындағы сүйіспеншілік
Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

             Ресурстар
Сабақтың басы

4мин

 

2мин.

 

2мин

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта   жағымды ахуал туғызу

Сабақтың ережесімен таныстыру

Топқа бөлу Жүрек ,алақан ,күн,күлкі

 

 

 

 

Қима  қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау тапсырмалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

Сыни ойлау

4мин.

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3мин.

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

4мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер сөйлейді

2мин.

 

 

Талдау-табыс кілті5мин.

Қалыптастырушы бағалау

8мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2мин.

 

Бүгінгі сабақтың ұраны

Үлкенді сен сыйласаң,

 Кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа,

Кісі сені сыйлайды.

Миға шабуыл (бейнебаян көрсету ,ондағы көріністі анықтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады 1-тапсырма

Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Адамның айналасындағыларға деген ықыласы мен көмегі адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау). Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).Сондай-ақ қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі, сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықтыжастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау— қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмектесумен, қайыр-садақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады

1-топ –Қайырымдылық дегеніміз не ? оқулықпен байланыстырып ,өз ойыннан қосып жауап береді Ассосация құрайды

2-топ «Қос құты »әдісімен Қайырымдылықтың түрлерін таныстырады

3-тапсырма Венн диаграммасы арқылы Қайырымды және қайырымсыз адамның бейнесін салыстырады

4-тапсырма Қайырымдылық шаралары туралы білгендерін ортаға салады

Басбармақ әдісімен топтардың өзара  бағалауы

«3 қазына»әдісімен мәтіндегі ойды ашатын үш сөйлемді тауып жазады

Есімшенің сөйлемдегі қызметі

 

Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.

1. Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы:

Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін ( М.Ә.). Сөйлемейтін (екеуі не істейтін?) III жақта келіп сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр.

2.  Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман

(мәтел). Айтқанның (кімнің аузы?), көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.

3.  Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін атқарады.

Мысалы: Баланың қытығына тиетініосы жері ( М.Ә.). Берілген сөйлемдегі қытығына тиетіні деген есімше зат мәнін білдіріп, бастауыш болып тұр.

4.   Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М.Ә.). ерілген сөйлемдегі ұялғанды, жауап айтпағанды

(нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.

5. Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп, пысықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М.Ә.). Сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.

Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.Сен не істер едің?

Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.

1.Келген  қонақтарды үлкен үйге кіргізді.

2. Құлазыған жазық далада аппақ қардан еш нәрсе

көрінбейді

3.Шөлдеп келген жауынгерлер суық қымыздан  бір-бір

жұтысты

4. Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді.

—  Шарты : сөйлемді көшіріп,етістіктерді табу ,оларды құрамына талдау

Көп нүктенің орнына тиісті есімшені қойып ,өлеңді аяқта

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

2-тапсырма «Қайырымдылық жасау-адамгершіліктің белгісі»эссе жазу

Бағалау критерийі дескриптор балл
Талдау жұмысы Көп нүктенің орнына етістік қояды

Етістік қоя отырып ,өлең құрылысын сақтайды

2

 

2

Сол етістіктің тұлғасын анықтайды 2
Эссе жазу Тақырып мазмұнын ашады

Ойын мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді

2

 

2

Көркем тілмен баяндайды 2
Барлығы   12
 

Оқушылар жұптасып тұрады . Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір — бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе — қолымызды қысып ,орнымызда бір айналамыз, күн бейнеленсе — жақсы тілек айтамыз , жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» – деп сұрайды.

– «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» – деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.

– «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» – дейді балапан.

Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.

– «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.

Сонда қыз:

– Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.

– Маған да айтшы, – деді балапан.

Мәтінді аяқтау тапсырылады.

Бірінші сен шарды алып бер, – деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.

– Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы – дейді қыз.

– Қандай оңай, – деп таң қалады балапан.

Бейнебаян
Сабақтың соңы

 

Үй тапсырмасы :

3мин

 

1мин

«Бес саусақ»әдісімен бағалау

 

«Мен мейірімді баламын» тақырыбына өздерің жасаған істерің туралы шағын әңгіме жазыңдар.

 

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

 

 

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

«Басбармақ»әдісімен бағаланады

3. Кері байланыс (жазбаша )

4. Әр оқушының ҚБ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

Сергіту  сәті ән тыңдау

 

Қауіпсіздік техникасы  ережелері

 

 

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

 

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы  өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы  Сіздің сабағыңыздың  тақырыбына  сәйкес  келетін  сұрақтарға  жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 
 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *