Ырысы мол алтын күз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы:«Ырысы мол –алтын күз»
Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Ырысы мол алтын күз» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» – Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
- Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
- Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
- Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Тәрбиеші : Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.
1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін
Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім
- 3. Егіндікті күз суар. 4.Арпа, бидай ас екен,Алтын күміс тас екен
- Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.
Тәрбиеші: Балалар, Күзгі бақшадағы Бағбан атайға хабарласып, бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенін,білейік!
– Сәлеметсіз бе атай , сіз бізді естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!
Бағбан атай: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Тәрбиеші : Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, лимон, жүзім атрибуттарын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.
1 –Өрік
2 – Қызанақ
3 – лимон
4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Тәрбиеші: «Ырысы мол- алтын күз» атты балапандарымыздың кішігірім көрінісін тамашалаңыздар!
Ортада аудио жазба қосылады:
-Ерте,ерте ,ертеде бір бағбан өмір сүріпті. Ол көктемде жер жыртып,дән шашып, жаз бойы суарып , жеміс –жидектерді жақсылап баптайды. Алтын күз келгенде қуаныыып, жеміс-жидектерін жинай бастайды.
Бағбан:
- Жеміс – жидектерім кәнекей себетке жиналайықшы!
- Мен кіремін себетке
- Менде кіремін себетке
- Себетке менде кіремін.
Осы сәтте себеттің іші жеміске толып,себеттің ішіндегі жемістер шашылады.
Бағбан:
-Алақаай, Менің жемістерім өте көп екен. Биылғы күз мен үшін- ырысы мол,берекелі,табысты жыл болды .
Балапандарым, менің бақшамдағы алмамның дәмін татыңдар!
Бағбан атай мен күз ханшайымы балапандарға алма таратып береді.
Балалар бүгін оқу қызметімізді осымен аяқтаймыз!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718