“Қазақы тазы: Ұлттық мұра және киелі қазына”
Қазақы тазы-жеті қазына қатарына кірген киелі үй жануары.Тарихымызда ашаршылық заманында бір тазы,бір ауылды түгелдей қорекпен қамтамасыз еткенін бірі білсе,бірі біле бермейді.Тазы тумасынан аңшылық үшін жаралған.Биіктігі жарты метрден 70 сантиметрге жететін,салмағы 15 келіден 35 келіге дейін құрайтын өмірі қарғыбау көрмеген бұл жануардың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетеді.
Қазақ құмай тазыны 2 түрге бөледі.Біріншісін жарғақ құлақ тазы десе,екіншісін шашақ құлақ тазы дейді.Жарғақ тазылар еліміздің батыс өңірінде кеңінен тараған болса,шашақ құлақтылар оңтүстік өңірлерде тараған.Сонымен қатар,тазы мен қазақы иттердің буындасуынан шыққан дүрегей тазы түрі де бар.Олар жүні қалың,денесі ірі,суыққа шыдамды,қасқыр алатын,батыл мінезді ит тұқымының бірі.Тазылар қоян,түлкі,қарсақ,қасқыр,шибөрі сынды дала жануарларын айлаға салып,шаршатып,өз қанжығасына майлай білетін аңшы.
Тазы бітіміне келетін болсақ,екі аяғы дене тұрқымен салыстырғанда ұзын болып,шапшаң қозғалуға мүмкіндік береді.Ол аз десеңіз,артқы аяқтары мен бұлшық еттері өте жоғары деңгейде дамыған және құрсағы жіңішке болады.Тазының басар адымы ұзын,қимылы ширақ.
Қазіргі таңда тазы “World Dog Show 2023” әлем чемпионатында топ жарып,тазылар халықаралық көрмелерге қатысуға жолдама алған болатын.Бұл көрмеге әлем бойынша 20 мың ит,200 ит тұқымы қатысып,150 халықаралық дәрежедегі қазылар-алқасы төрелік етті.
Елімізде тазылардың жылдамдығын көрсететін республикалық тазылар жарысы болып тұрады. Тазылар жарысы, 8 кейде 10 иттің арасында өткізіледі. Жарыс қашықтығы 230-дан 1200 ярдқа дейінгі аралықты құрайды. Иттерді тордан босатқаннан кейін олар тректе тұлыпты қуалай бастайды. Спорттың осы түрінде ұтыс жүйесі қарастырылады, ал жеңімпаздарға жүлделер тапсырылады.
Бүгінгі күні осы қазынамызға қауіп төніп тұрғанын білесіз бе ?Асыл текті иттердің жоғалып кету қаупі бар.2023 жылдың шілдесінен бастап,”Қазақстан кинологтар одағы”қазақы құмай тазыны көбейтуге жауаптанған.Бұған қоса мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев қазақы төбет пен тазыны сақтау жұмысын тапсырған болатын.Жалпы тазының жоғалып кетпеуінде мемлекет болып ат салысқанымыз жөн болар.Себебі, тарихымыз үшін өте киелі жануардың өмірін әрі қарай да жалғастыру сіз бен біздің басты парызымыз деп түсінуіміз қажет.
Өтеген Әлімхан Темірбекұлы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718