“Серке газеті” Қиын сәттердегі шындықтың жаршысы.

Кіріспе:
“Серке” газетінің шығу тарихы:
«Серке» газеті – қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі, 1907 жылы жарық көрген алғашқы ұлттық басылымдардың бірі және бірегейі болды. «Серке» газеті ресми түрде «Ульфат» атты татар тіліндегі газетке қосымша ретінде шыққан. Ол Петерборда (Санкт-Петербург) басылған. Бас редакторы- татар қайраткері Ғабрашид Ибраһимов. Газет бір ғана нөмірмен шектеліп, сол кезде патшалық Ресейдің саяси цензурасының салдарынан екінші нөмірі тәркіленген.

Газеттің өмірі қысқа болғанына қарамастан, «Серке» қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды және сол кездегі ұлттық сана-сезімді оятуда маңызды үлес қосты.
Құйрықты жұлдыздай, ғұмыры қысқа “Серке” газетінің атауын естігенде, «неге бұндай атау берілді?» екен деген сұрақтың көкейде туындайтыны анық. Ал оның себебі, біз ойлағаннан да терең, теңіз түбіндегі асыл тастай мағына жатыр. Малдың үлкен үйірін ешкілердің бастап келе жатататыны, жайлауда көз көрген көрініс. Ал сол ешкілердің, барлық төрт түліктің көшін ешкінің серкесі бастап келеді. Біз аса назар аудармайтын көрініс, газеттің осылай аталуына мұрындық болып отыр. Яғни, қазақтың жастары сауатты, білімді, көкірек-көзі ояу, жаңашыл, өзге елдермен терезесі теңесіп, тіпті көш бастап, алдыңғы қатарда жүрсін, санасында сәулелі ойлары, жүрегінде ұлтына махаббаты болсын, деген астарда қойылған атау. Бір сөзбен айтқанда, “Қазақ жастары-барша әлемнің, білім-ғылым көшін бастасын” деген мақсат болған.
«Серке» газетінің басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғау, саяси және әлеуметтік мәселелерді көтеру болды. Газетте жазылған материалдар патша үкіметінің қазақ жеріндегі отаршылдық саясатына қарсы бағытталды. Бірінші нөмірінде Міржақып Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы жарияланып, онда қазақ халқының азаттығы үшін күрес қажеттілігі туралы айтылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.Журналистика факультеті 1курс студанті Асан Айалы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *