Қожа Ахмет Яссауи
Қожа Ахмет Яссауи – барлық Шығыс Мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, суфизм поэзиясының негізін қалаушы. XII ғасырда өмір сүрген сопы ақын, халық арасында Әзірет сұлтан атымен танымал, Арыстан бабтың шәкірті және “Диуани хикмет” автобиографиялық поэманың авторы. Қожа Ахмет Яссауи шамамен 1093 жылы Түркістан облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. Әкесі- Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет әлінің ұрпағы Шейх Ибрахим. Анасы- Мұса Шейхтың қызы Айша.
Аңыз бойынша Арыстан баб бірінші мұғалімі және тәрбиешісі болған. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін 17 жасында Ахмет Яссауи Яссы қаласына келеді. Осы кезден бастап бірқатар тілдерде сөйлей бастады, әдебиетті тез үйреніп, араб, шағатай, парсы, түрік тілдерінде өлең жаза бастады. Содан кейін Бұқара қаласындағы имам Юсуф Хамадани медрессесінде оқып бітірген. Өз уағыздарында адамдарды адалдыққа, татулыққа және шыдамдылыққа шақырған. Оның шығармалары көпшілікке танымал болды. Оның уағыздарын Орта Азия халықтары жатқа білген.
Қожа Ахмет Яссауи Пайғамбар жасына келгеннен кейін 63 жасында Құдайға қызмет ету үшін әлемнің суетін тастап кетуге мәжбүр болған, өмірінің соңғы жылдары жер асты мешітінде өткізеді. Бұл іс-әрекетінің себебі-ол пайғамбар жасына жетіп, 63 жылда, жеткілікті және пайғамбар берген уақыттан тыс өмір сүрудің қажетті жоқ деп шешкен. Қожа Ахмет Яссауи 1166 жылы дүниеден өткен. Ұлы әулиеге арнап салынған Яссы қаласындағы кесенеге жерленеді. Кейінірек ескірген кесененің орнына үлкен мемориалдық кешен салуға Әмір Темір бұйрық береді. Осы әрекетімен, билеуші өзінің күшін және мінсіз дәрежесін көрсткісі келеді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі үлкен және тік-төрбұрышты ғимараттан тұрады. Кесене Орталық Азиядағы ең үлкен күмбездердің біріне ие. Күмбездің диаметрі-2,45 м, ал салмағы-2 тонна. Түрік халықтары үшін күмбез бірлік пен қонақжайлықтың белгісі болған. Сондықтан, оның өлшемі мен сыртқы келбетіне ерекше назар аударған. Кешеннің сыртқы қабырғалары 2-метр, ал орталық залдың қабырғалары 3-метр. Кесененің ішінде 35-тен астам бөлме бар.
Бұл ескеткіш мемлекеттің қорғауында ЮНЕСКО шешімімен Бүкіл әлемдік мұралардың тізіміне 2003 жылы енгізілді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718