ГАТОБ-театрында өткен тәжірибе бойынша мақала
Тақырып: Мәдениеттану
Мәдениеттану мамандығының 2 курс студенті
Арнұрқызы Гүлнұр
Жетекші: Кудерина Айжан Нурхамитовна
Мәдениеттану мамандығының тәжірибе барысында студенттер көптеген жерлерге бара алады.Мысалға: театр, музей,әкімшілік және т.б. мәдениет орындары. Біз КАЗНУ университеті мәдениеттану мамандығының 2 курс студенттері осы жылы Абай атындағы театрда өз тәжірибемізді өте алдық. Жалпы, тәжірибе барысында көптеген атақты қойылымдарды өз көзімізбен көре алдық. Олар: Штраустың әйгілі «Летучая мышь» операсы, Жизель балеті және т.б. Сонымен қатар театрдың көрнекті қайраткерлері туралы да мәлімет алдық. Мен өз мақаламад театрдың әйгілі қайраткері,қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы туралы жазатын боламын.
Сара Ыдырысқызы Көшербаева (06.02.1933-24.01.1999-Алматы қаласы) – қазақ балет өнерінің шебері, балетмейстер, оқытушы, профессор. Қазақ КСР әртісі (1966). Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. Қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы. Сара Көшербаева бидегі қысқа ғұмырында таңғажайып жетістіктерге жетіп, кейіннен Алматы хореографиялық училищесін жаңа деңгейге шығарды.
Сара Көшербаева 1933 жылы 6 ақпанда Алматы қаласында жоғары білімді Ыдырыс пен Ұлжан Көшербаевтардың отбасында дүниеге келген. Өнерге деген сүйіспеншілік барлық отбасында болды. Кішкентай Сара балетпен алғаш рет алты жасында , үлкен әпкесі Гүлзада театрға апарған кезде танысты. 1946 жылы Көшербаева Қазақ хореографиялық учлищесіне қабылданды. Оның алғашқы ұстазы, кейінірек ұзақ жылдар бойы досы және тәлімгері Александр Владимирович Селезнов болды.
1954 жылы Ленинградтағы оқуды бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет солисті болып жұмыс істеді. 1973 жылдан театрдың тәлімгер-хореографы болды. 1975-1986 жылдары Алматы хореографиялық училищесінің директоры және оқытушысы атанды, сонымен бірге тәлімгер-хореограф ретінде өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қызмет етті. Өмірінің соңғы жылдарында шығармалар, естеліктер жариялаған. Жалпы, Сара Көшербаева Қазақстан тарихындағы қайталанбайтын тұлғаларға жатады. Ол бүкіл өмірін қазақ балет өнеріне арнады. Сара Ыдырысқызының шәкірттері бүгінде отандық және әлемнің көптеген елдерінің театрларының труппаларында жетекші балериналар мен тәрбиешілер болып табылады.
Қазіргі таңда алғашқы қазақ кәсіби балеринасының портретін ГАТОБ галереясында көре аласыздар.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718