Мәдениеттану

                                                     Тақырыбы: Мәдениеттану

                                                     Мәдениеттану мамандығының 2 курс студенті

                                                     Таймас Асылжан Әзімханұлы

                                                     Жетекшісі: Күдерина Айжан Нұрхамитқызы

                                                     https://www.kaznu.kz/ru

 

Мәдениеттану – қоғам мәдениетін қалыптастырушы ғылымдар қатарында ерекше орны бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша енгізілген бұл пәннің мақсаты отанға деген патриоттық сезімді ояту, шығармашыл болу, бәсекелестікті дамыту, өзінің және өзгенің мәдениетін құрметтеу. Осы қасиеттерді мен осы мамандыққа түскен кезде уақыт өте келе түсіндім. Менде де отбасым, туысқандарым, достарым секілді бұл мамандық не туралы деген сұрақ мазалады.

Қазіргі таңда өркениет заманға байланысты қоғамды өзгертуде. Яғни күнделікті жасап жүрген тірліктер мәдениеттің бөлшектері. Амандасу, тамақтану, жүріс-тұрыс, киім үлгісі және т.с.с. Осы тұрғыда мәдениеттану шығармашылық өмірді қалыптастыру функциясын атқарады.

Мәдениетті өзіңді жүзеге асыру құралы ретінде қолдану бірден-бір дұрыс шешім. Жер жүзінде әр халықтың өз мәдениеті, діні, тілі бар. Сол мәдениет тарихта ғасырдан ғасырға, қателіктерді ескере отырып дамып келеді. Мәдени ғылымның заңдылығы: пайда болу, даму, құлдырау. Яғни, кейбір мәдениеттер әлі де өз жалғасын табуда, ал кейбірі өкінішке орай жер жүзінен жойылып кетті. Мысал ретінде мая, миккен, миной секлді мәдениеттерді алсақ болады. Ал дәлел ретінде олардың мәдени құрылыстары сақталып қалған.

Мәдениет ғылымының ішіндегі «Мәдени антропология» немесе басқаша «Этнология» ғылымы адамның биологиялық және лингвистикалық антропологиясын зерттейді. Байқайтын болсақ археологиялық мәселелерді де қарастыра алады. Мәйіттің тірісінде кім болғанын, бойы, салмағы, бет әлпеті жалпы сол адам туралы ақпараттарды алуға болады.

Мәдениеттану басқа да мәдениеттерді зерттегендіктен мамандар өзге мәдениетің ойлау мәнерін білу қажет. Сондықтан не нәрсе маңызды немесе маңызды емес екенін түсініп алмайынша бұл ғылыммен достасу мүмкіншілікті тудырмас. Адамзат тарихының болмысын зерттеу арқылы тұлғаның ішкі абстрактілі ойы қалыптасады, өзінің ашылмаған сұрақтарының және жаңа ақпараттың ашылуында куәгер болады.

Мәдениет қоғамның сапалық жағдайының әрқайсысына бейнеленуі

оның даму сатысы, оның өнімді болуы. Ол физикалық тұрғыдан да, және адамның рухани қасиеттерін  қамтиды.

Мәдениеттің бірнеше негізгі түрлері бар:

  • материалдық мәдениет (барлық материалдық игіліктер, оларды өндіру құралдары мен нысандары және сондай-ақ оларды басқару).
  • рухани мәдениет (білім, ойлау әдістері мен формаларының жиынтығы, дүниетаным (философия, мораль, құқық, ар-ожда, дін, ғылым, өнер).

Осылайша мәдениет адамзат баласына рухани және материалды білім көзін, жеке көзқарас сыйлай алады.

Патриоттық сезімді оятуда өз мәдениетімізді дамыту маңызды. Әрине заманға байланысты заманауи түрде жеткізген тиімді. Қазақстан батыс және шығыс мәдениетін нейтралды қолданушысы. Көшеде батыстың да, шығыстың да мәдени киім үлгісін немесе субмәдениеттерді байқаймыз. Бұл бір жағынан жақсы нәтиже, себебі жас буындар заманауи қоғамдық даму процессінде. Біз екі жақтың да мәдениетін қолдана аламыз. Керегін алып керек емесін сорттай білу қажет.

Жастардың мәдени дамуына көмек ретінде  мәдени ақпарат көзін көбейту жастарда мәдени-абстрактілік ойды дамытады. Сонымен қатар театр және музей секілді орындарды көбейтіп, трансляция жасау дұрыс шешімдердің бірі.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *