Түрікменстандық студенттердің КазҰҮ туралы ойлары
Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі – оқу орнын таңдау тұрады. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Біз де Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадық, біздің назарымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады.Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығының лауреаты, қызметтерінің сапасы жағындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты IQNET Халықаралық сертификациялық жүйесінің ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәлігін алды.Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие.Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді. Университетте 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100 аса ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік және атаулы сыйлықтың лауреаты және 40-қа жуық жас ғалымдар сыйлықтарының лауреаты жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Мен таңдаған университет әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтасады.Халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша QS World University Rankings ҚазҰУ 2018 оқу жылы әлемнің 800 үздік университеттерінің арасында 220 орын алды. QS University Rankings рейтингісінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша ҚазҰУ 200-ден 11-ші орынды иеленді. ҚазҰУ-дың екі рейтингісінде Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарының арасында ең жоғары баға алды.Сондықтан да біз Қазақстанның ең үздік университеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсу үшін құжат тапсырдық. Біздің таңдауымыз “Шетел филологиясы” мамандығы бойынша “Филология” факультетіне тоқталды. Бұл факультетте Филология ғылымдарын оқыту саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары кәсіби оқытушылар сабақ береді. Біз бұл мамандықты өз қалауымыз бойынша таңдадық, ата-анамызда бізді қолдады. Филология мамандығы бізге шетел тілдерін уйренуге, әлем аралауға мүмкіндіктер береді. Филология факультетінде теқ қана тіл уйреніп қоймай, жан жақты білім алып жатырмыз. Біз бұрын соңды мектепте оқымаган Қазақстан тарихы сабағы мен таныс болдық. Түркі халықтарының тарихын білгендіктен бізге Қазақстан тарихын тез түсініп кету аса қыин болмады, дегенмен де Қазақстан тарихын өзіндік ерекшеліктері бар. Біз бұрын білмеген тұлғалар, соғыстар, көтерілістер туралы оқыдық. Қазақстан Тәуелсіздігі ушін күрескен қайраткерлер туралы тереңірақ мәліметтер алдық. Тарих сабағы бізге Қазақстан тарихын толық уйренуге мүмкіндік берді. Тарих апайымыздың берген сабақтары арқылы біз өз ұлтымыздың тарихын тереңінен зерттеп үйрендік. Апайымыз теқ қана сабақ беріп қоймай, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуды уйретті. Біз тобымызбен бірге конференциялар, ашық сабақтар өткіздік. Сол конференциялардың арқасында білім деңгейіміз жоғарылай түсті. Біз ҚазҰУ-ға түскенімізге өкінбейміз, себебі сапалы білім алып жатырмыз. Университетте теқ қана теориялық емес, ғылыми-зерттеу жағынан да білім беріледі. Біз осы сапалы білімдердің арқасында елімізге пайдасы тиетін кәсіби маман болатынымызға сенеміз. Бізге осындай білім беріп жатқан аға оқытушыларымызға алғысымыз шексіз!
Ғылыми жетекшісі: Қозыбакова Ф.А
Макала авторлары: шетел филологиясының 1-курс түрікменстандық студенттері
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718