Әз наурыз

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, б алаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі

Жаңа жыл  22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін
түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт – дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз – яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22 – інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір – бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет – тілектеріңіз қабыл болсын!
Інжу.О, жарандар, жарандар!
               Бәрің мұнда қараңдар.
                Наурыз тойы басталды, 
               Текке қарап тұрмаңдар.
П.Нұрислам. Әуелесін армандар.
                  Үміті от боп жанғандар
                  Бақ дарып, Қызыр қарасын, 
                  Мерекеден қалмаңдар.
Әли. О, жарандар, жарандар
                 Тамашадан қалмаңдар.
                  Құс қанатты көңілмен
                  Жер әлемді шарлаңдар.
Нұрислам А.  Оятып шың мен асқарды.
                  Ерітіп мұз Бен ақ қарды.
                  Нұрландырған даланы
                  Наурыз көктем басталды.

1-жүргізуші: Құрметті халайық! Наурыз мерекесіне арнаған ойын-сауық          кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші: Наурыз ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күні алдағы         күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленген.

  (Ортаға екі бала шығады.)
Ернар: Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Әли: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
(Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.)
1-жүргізуші: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Бабалардың үмітін,
Жас ұрпақтар ақтаймыз.
Қыдыр атаны шақырып,
Наурыз тойын бастаймыз..

 «Көктем» әні қыздардың орындауында
Мұғалім: Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, кәне, соны көрейік..
Нұршаш:
Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Інжу:
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Шыңғыс:
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Адай
Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Бі лім – өнер серік болсын!

2-Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Айарудың орындауында «Наурыз көктем »   әні қабыл  алыңыздар.
 Сәбира Шашу шашу шашайық
               Ән думанға басайық
               Наурыз келді далама
               Жаңа жыл келді аулыма.     (Шашу шашылады)
Айдана : Шашу шаштық болсын деп аман халқым, 
               Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
               Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
               Келер жылға жетсек деп аман-есен.
1-жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
 Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Мұғалім:

Қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс. Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі «Сүйінші». . «Ат қояр»,    Жас нәресте дүниеге келгенде қуанышты хабар болғанда, туған-туыс, дос-жаран бір бірінен сүйінші тілеп, мәз-мейрам болып жатады.

 Нұрислам П.:      

Сүйінші , сүйінші!

 Дүниеге .сәби келді

Сүйінші апа сүйінші!

Батыр келді өмірге.

Динара Келеғой қарағым!

Жақсы хабар әкелдің!

Сүйіншіңді берейін.

(Басына тақия кигізеді)

(Баланы әкеледі)

Динара. Ботам, құлыным.

Өмір жасың ұзақ болсын!

Динара.

-Қария! Аулымыздың ақсақалысыз!

Мына немереме азан шақырып ат қойып беріңіз.

Нұрәлі.

Ал, балам бақытты бол, үлкен азамат бол.

Баланың құлағына «Сенің атың – Наурызбай» 3 рет айтады.

(3 рет жоғары көтереді)

Динара   Батаңызды беріңіз

    Бата

Ал, батамды берейін,

Арта берсін мерейің.

Ел басқарсаң батыр бол,

Ата аруағың қолдасын.

Судай тасып дәулетің,

Еш жамандық болмасын!

Аумин!

Динара  –Міне, осындай сыйлы атамызға шапан кигіземіз.
2-жүргізуші: Ал, қәнекей ағайын,
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың,
Шырқап әнге салайық.
Ән: «Әз-Наурыз» Айдананың орындауында
1-жүргізуші:
Наурыз күні той самалық айтудан басталған.

Ақмарал   Самалық, самалық
               Қан тауының көк құсы
              Ұйқыдан көзін ашты ма?

 Алмат   Самалық, самалық
               Самарқанның көк тасы
               Жібіді ме, көрдің бе?
Ұлас
              Самалық, самалық

              Жаңа жыл жарылқа,
              Ескі жыл есірке.
Мұғалім:

 Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кім қандай ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар, күрес, теңге алу, асық ойнау).
– Олай болса, Бүркіт» ұлттық ойыны Ал, кәне, балалар, «Бүркіт» деп аталатын бір қызық ұлттық ойынды ойнап көрелік. Болашақ қырандар, бері келіп бақ сынаңдар.

Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.

1-жүргізуші: Бұл күні Самарқанның көк тасы жібиді, яғни бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірімесе «Бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» – деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.
2-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, ел боп қарсы алайық – дей келе келесі  кезекті  биге  берейік.

Би   Қыздардың   орындауында

Би  Ұлдардың орындауында

Мұғалім: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Оның мәні – Жаңа жылда молшылық, мәнді де, дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету. Сонымен қатар наурыз мерекесіне арнап дастарханға басқа да тағам түрлері дайындалады.
Айару : «Наурыз көже»
           Ашық болсын қос қабақ,
           Таспен атқанды аспен ат.
           Бейтаныс та, таныс та,
           Бүгін төрде бас қонақ.

Сабира: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта – ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
1-Жүргізуші:  Жылдың басы –Наурыз, 
Жырдың басы – Наурыз.
Наурызға жыр арнап, 
Әндетерміз әлі біз.
Наурыз   көктем әні Айарудың орындауында  Қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні, жаңа жылда наурыздың 21 нен 22- сіне қараған түні даланы Қызыр баба арлайды екен. Қызыр баба үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге шырақ жағылып қойылады.
Қызыр ата/Адай/: Ал балапандарым. Жарайсыңдар, «Атаның сөзі –ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы.Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін.
(Бата беріледі)
Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын.
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!
1-жүргізуші:Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз Аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық!
2-жүргізуші:Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсін жаңа нұр!
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз тойы, 
Құтты болсын жаңа жыл!
(бірге) Көріскенше күн жарық болсын!

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *