Наурыз
НАУРЫЗ
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні.Әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі.Наурыз мейрамының басты тамағы – Наурыз көже.Ол 7 ингриденттен дайындалады:су,сүрленген немесе кептірілген,тұз,май,айран қосады.Наурызда наурыз көже ішкен адам күні бойы бақытты,қуанышқа кенеліп жүреді.Және де Наурыз мейрамы көңілді және шулы болып атап өтіледі.Қызықты ойындар болады, алтыбақан,қыз қуу,арқан тартыс,асық ату.Сонымен қатар ол жерде ойындар ғана ойнатылмай,жігіттердің де жекпе-жек жарысы болады.Неше түрлі киіз үйлер тігіледі және де әжелеріміз,аналарымыз,қыз-келіншектер, әдемі ою өрнектері бар кәжекейлерін киеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басысаналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күніқазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халықтаза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір–бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдерқұшақтасып, бір–біріне игі тілектер айтады. Бірін–бірімерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішугешақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салыппісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамынаақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышудыбілдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар–ожданы алдындаарылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскенбауырлас ел, руларды, ағайын, дос–жарандарды бірдастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғызжарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауынаарнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырапқиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басындаән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар(көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, теңкөтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбеніңбасына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл–ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатынқарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен(«Айқыш–ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек»т.б.), ән салып, би билеумен, ақындарайтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен,ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай Алтыбақан айналасындағы тамашаменаяқталатын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униыерситеті
Дінтану мамандығының 1-курс студенті
Перметай Жасмин Асқарқызы
Жетекші аға оқытушы Тунгатова Ұ.А.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718