Дін – ұлттық тәрбие көзі
«Сәлем берем сәлем беру салтымыз, сәлемменен сөз бастаған халқымыз» – деп ой толғанысымның басын осылай бастағанды жөн көрдім. Жалпы қауым, қазақ халқымыз, әр сөздің байыбын біле білген, астарлап, салмақтап жеткізетін орақ ауызды, шешен тілді, көсем ойлы дербес, дара халық екеніміз бәріне де аян. Сондықтан да болар әр іс-әрекеттің мағыналы, әрбір үтір нүктесіне дейін аса мән беріліп қарайтын тұсы да, тіпті, табалдырық аттамас бұрын үлкендердің «сәлем беріп кір» тіркесіне дейін есімізде болуы, қарапайым қағидаттардың көшпелі қазақ жерінде тарауының да өзіндік себептері бар. Анығында, асыл дініміз бен ұлттық дәстүріміздің тоғысқан тұсында, қайталанбас жәдігерлердің салған жолы тарихи бір мұра болып қалары сөзсіз. Жә! Негізі айтпағым бұл емес!
«Тәрбие – тал бесіктен басталады демекші» халқымыздың жадындағы түпсанада қалыптасып қалған ойы екені анық. Алайда, негізі бірінші тәрбиені бала ана құрсағына біткен сәттен бастап тәрбие беру процессі жүру керек екен. Қоғамдағы сан-алуан мәселелердің шешімі де осында деп ойлаймын. Себебі бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледісінің кезегі келіп тұр. Үйдегі тәрбиенің нәтижесін сыртта жүріп-ақ көре аламыз. Сол үшін де қазіргі түйткіл дүниенің тұтқасы ұрпақ пен ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамауда болып отыр. Болашақ қыздарымыз бен ұлдарымыздың ата-анасының текті жерден болуы, тең-теңімен тезек қабымен болуына да саяды. Бұл жерде тең-теңімен сөзінің тіркесі тек байлығы емес туыс-туғандарының, дінінің, салт-дәстүрінің артықшылықтарымен теңеседі дер едім. Жар таңдаудағы басты құндылығы да осында. «Қызға қырық үйден тыйым» – дейді. Бұрында қыз баланы бүкіл бір ауыл болып тәрбиелеген. Үйдің отағасы ұрпақ тәрбиелесе, ошаққасы ұрпақ тәрбиелейді. Сол үшін де маңызды болмақ. Ұлтты тәрбиелейтін ана білімді, дана болуы керек. Тек білім ғана емес, дәстүр-салтымыз бен көшпелі халқымызға сіңіп кеткен ислам дінімізден де ақсамауы шарт. Дінмен ұштасқан тәрбиеден нәр алған ақылды да, саналы, елін, жерін қорғайтын абзал азаматтардың жаман болуы мүмкін емес.
Қорыта келе, қандай дін болмасын адамды жамандық жасауға итермелемейді. Тек жақсы қасиеттер мен адамгершілік құндылықтарды үгіттейді. Діннің оң әсері осы деп санаймын. Тек өз деңгейінде ғана болғаны дұрыс. Әйтпесе, діни фанатшылдықтың құрбаны болып кетпеуіне кім кепіл. Сол үшін адам баласының тәрбиеде кем тұстарын жібермегені абзал!
www.kaznu.kz
ҚазҰУ дінтану 3 курс, Нұртайқызы Гүлжан
Жетекшісі Кантарбаева Ж. У.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718