Ұстаздықпен ұштаған Ыбырай Алтынсарин
1841 жылы 20 қaзaн күні кaзіргі Қостанай облысы Зaтобол ауданында Ыбырай Алтынсарин атамыз дүниеге келді. Әкесі Алтынсары баласы Ыбырай үш жасқа жетпеген кезінде өмірден өтті..
Мектепте оқыған жылдар Ыбырай әртүрлі шығармaлaрды оқу арқылы, өмірге деген көзқарасының өзгеруіне түрткі болды. Ыбырай мектептен алаған білімімен шектелмей,өз бетімен көп оқиды.
Ыбырай өмір сүрген ғасырдағы қазақ мәдениеті бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, екі түрлі бағытта болған. Бірі – төрелер мен байлардың мүддесін жақтап , қолдаса, енді бірі – қарапайм халықтың мүддесіне қорғауға бейім болды. Ыбырай Алтынсарин екінші бағытты қолдап, халықтың діни сауатымен бірге қазақ халқының білімге деген ынта-жігерін оятуға бар күшін салды. Осы тұста Ыбырай атамыздың діни білімі немесе дінге деген көз қарасы жайлы айта кетсек.
Ыбырайдың тек діни білім ғана емес жалпы білім алуға шақыруы. Ибн Мәжадан жеткен хадисте Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с): «Білімді талап ету – әр ер мұсылманға да әйел мұсылманға да парыз»,- деген. Ыбырай Алтынсарин осындай керемет сөздерден шабыт алып өзінің «Сөз басы» атты өлеңінде:
«Бір Құдайға сыйынып, Кел, балалар оқылық!
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры, бастасаңыз Аллалап,
Оқымаған жүреді, қараңғыны қармалап,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!»,-деп жазған.
Бәрі байқағандай «оқу» сөзі Ислам дінінде аса жоғары маңызға ие . Және осы тұста Ыбырай атамыздың осы сөздерді негізге ала отырып, діндегі оқу білім алудың қаншалықты маңызды екенін ең алғашқылардың бірі болып байқаған секілді .
Әрине Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарының білімге , деген құштарлығын арттырғысы, оятқысы келген. Себебі, болашақ жастардың қолында екеніне кәміл сенген.
Қорытындылай келе, айтқым келетіні ,көреген ағартушының әр сөздерінде, өлендерінде саналы ұрпаққа, қазақ жастарына деген үлкен сенімінің артқаны өлеңдерінде өрініп, сезіліп тұр. Сол сенімді қазіргі ұрпақ ақтап шығуы тиіс деп
Байтұрған Іңкәр Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz Дінтану мамандығының студенті.
Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718