“Қызыл Қазақстан” журналы
«Ақиқат» журналы қазақ ұлтының айнасы. Ол алғаш 1921 жылдың 15 қыркүйегінде Орынборда «Қызыл Қазақстан» деген атпен шыққан болатын. «Қызыл Қазақстан» журналының алғашқы сандарында ұлттық сипаттағы өзекті-өзекті мәселелер көтерілген болатын.
Журналдың 4-ші санын оқи отырып, араб қаріптермен «Қызыл Қазақстан» деп жазылғанына, ал екінші жағында орыс тілінде «Красный Киргизстан» деген атаумен берілген, және журналдың мазмұны орыс тілінде жазылған. Осыған байланысты Сәкен Сейфуллин: «Біз «киргиз» деген атты жоғалтып, өзімізді «қазақ» деп атасақ, басқалар да бізді «қазақ» деп атап кетеді. Біздің бір кемшілігіміз ‒ осы күнгі басқа жұрттан бұрын өзімізді өзіміз «киргиз» дейміз. Әуелі біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Бұл біздің халқымыздың әлсіздігімізді көрсетеді. Біздің әр қазақ жігіті «киргиз» дегенді тастап, «қазақ, қазақ» дегенді жұмсап, басқа жұрттың құлағына сіңдіріп үйретуі керек. Қазақты ‒ қазақ дейік. Тарихи қатені түзейік!» («Енбекші қазақ» газеті 1923) деген үндеу тастайды. Мұндай үндеу азаттықты аңсаған халықтың Қазақ Елі боламыз деген арманының асқақтығы.
«Қызыл Қазақстан» журналының атауы кеңестік кезеңде белгісіз себептермен қайта-қайта өзгеріп отырған. 1921-1924 жылға дейін «Қызыл Қазақстан» атымен шығып тұрған басылым, 1924 жылдан 1932 жылға дейін Қазақстан КП (б) өлкелік комитетінің органы ретінде «Қазақстан большевигі» деген атпен оқырманға жол тартса, 1932 жылы бірнеше ай «Ауыл коммунисі» деп басылым атауға да ие болады. Ал, 1932 жылдан 1941 жылға дейін журнал «Коммунист» деген атқа өзгертіледі. Ұлы Отан соғысы жылдарында біраз уақыт шықпай қалған басылым, 1947 жылы ақпараттық кеңістікке қайта шығады. 1952 жылы журналдың аты «Қазақстан коммунисі» тағы да жаңа атқа өзгереді.«Қызыл Қазақстан» журналында жарияланған мақалалардың қоғамда орын алған саяси-әлеуметтік мәселелерді жариялаудағы орнын, деректік құндылығын айқындап көрдік.
Есенгелді Дильназ