Қазақстандағы саяси партиялар

 

Кез-келген елдің өндіріс байлықтарын өзге елдерге паш ету үшін ең алдымен баспасөзі бай болуы керек. Олай болса, еліміздің басылымдарына зер салайық. Еліміз егемендік алғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде басылым беттерінде де бірталай өзгерістер болғаны белгілі. Осы уақытта олардың аттары ғана өзгермей,қатарлары да көбейген. Егемен елдің еркін баспасөзі дегенді-тәуелсіз басылымдар деп те атауға болады. Мысалы, жаңадан құрылған түрлі партиялар мен қозғалыстардың “Азат”, “Желтоқсан”, “Алаш” сияқты қазақ және орыс тілінде шығатын басылымдарды да атауға болады.

Қазақстандағы тұңғыш саяси ұйым –«Азат» қозғалысы. Ең алдымен Қазақстан тәуелсіздігінің қарсаңында дүниеге келіп, қысқа мерзімде ел тәуелсіздігін жүзеге асыруға өлшеусіз үлес қосқан саяси ұйым бола білді.

Құрылтай жиналысы Алматыда 1990 ж. 1 шілдеде өтті. Басты мақсаты: Қазақстанның егемен ел болуы, орыс отаршылдығының зардабын жою, тәуелсіз демократиялық мемлекет құру.1990-1993 жж. аралығында «Азат» газеті шығып тұрды. «Азат» қозғалысы Қазақстанды қазақ халқын отаршылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, адам құқықтарын қорғау және т.б. ұлт мүддесін көздеген мәселелерді көтере білген.«Азат» газеті- 1990 жылдың қазанынан 1993 жылдың қыркүйегіне дейін айына екі рет шығып тұрған. Қазақша — 56, орысша 7 саны жарық көрді.

Ал , “Желтоқсан” ұлттық – демократиялық партиясы болса, бүгінгі таңдағы Қазақстандағы белгілі қозғалыстардың бірі.Оның төрағасы белгілі журналист Хасен Қожақметов. “Желтоқсан”ұлттық – демократиялық партиясы зорлық – зомбылық, күш қолдануға және қайсыбір болмасын ұлттың қаны төгілуіне қарсы. Ерекшелігі – 1986 жылғы желтоқсандағы жәбірленген қазақ жастарының мүдделерін қорғап, жазықсыз жазаға ұшыраған жастар мен студенттердің талап тілектерін қорғауы деп білеміз.Оның баспасөз органы “Желтоқсан”газеті.

 

Келесі тоқталатынымыз “Қазақстан бірлесу партиясы”. Алғашында одақ ретінде дүниеге келген қозғалыс,кейінен партия болып қайтадан құрылды.

“Біздің мақсат экономика мен саясатқа, республикамызға еңбек сіңіру ғана емес. Сонымен қатар халықтар достығын құптау” – деп таныстырған болатын.Оның бүкіл Қазақстан бойынша 1500 дей филиалдары жұмыс істейді. Оның баспасөз органы ретінде екі тілде “Дәуір”, “Время”газеттері шығарылып тұрады.

 

Есенгелді Дильназ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *