Онлайн форматтағы практика жүйесі

Практика бойынша есеп беру

Онлайн форматындағы оқу жүйесі көпшілікке қиындық тудыратыны анық. Онлайн оқу, балаларды да, мұғалімдерді де, телефонмен тығыз жұмыс жасауға итермелеп қойды. Ал практикалық жүйедегі жұмыс, офлайн түрде өтіп, жұмыс барысынан көптеген тәжірибе жинақтауға, балалармен жүздесіп, олармен бетпе-бет жұмыс жасауға өз көмегін тигізді. Алайда, елде болып жатқан пандемияға қарсы үдерісте, практикалық жүйедегі жұмыс та, онлайн форматқа өтті. Онлайн түрдегі іс-тәжірибе да өздігімен қызықты өтеді. Мұғалімдер оқушыларымен қауышпаса да, электрондық түрде, түрлі қызықты тапсырмалар жіберіп, оқушыларымен тығыз қарым-қатынасты ұстанып отырады.

Арнайы платформаға жүктелген тапсырмалар, видеороликтер, фотосуреттер балалардың үйде отырып та білімге құштар болуына септігін тигізеді. Онлайн формат білім жүйесіне еш зиянын тигізбей керісінше, өз көмегін тигізуі тиіс. Дене тәрбиесі де онлайн форматта өткізіліп, оқушылардың денесін шынықтыруға ықпалын жасап жатыр. Бұл дегеніміз балалармен көрісіп, офлайн түрде сабақ өткізілгендей әсер беріп отырады. Онлайн форматтағы сабақтар, әрине оқушының және мұғалімнің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Осындай жағдай кезінде, арнайы жаттығуларды орындап, денсаулыққа жіті көңіл бөлген жөн. Мысалы, дене тәрбиесі онлайн форматта да өте маңызды, себебі оқушылардың дене ағзасының дұрыс жасауына дене жаттығулары көптеген септігін тигізеді.

Практикалық жүйедегі жұмыс карантинге байланысты жағдайда, офлайн түрде, ал керісінше онлайн түрде өтуі әбден мүмкін. Осындай жағдайда жас маманның практикалық жұмысы қызықты өтіп, тәжірибелер жинақтауына үлесін қосады.

Сонымен қатар жас маман практикалық жұмыс барысында келесі дағдыларды игере алады:

– балалармен байланыс табу;

– біріктіруге ықпал ету;

– қолайлы психологиялық климатты сақтау;

– оқушының жұмысын бағалауға жеке қарау.

Дене тәрбиесінің онлайн және офлайн форматтағы практика жүйесі ерекшеліктерін табады. Бірақ та онлайн форматтың жақсы да, кері де әсері бар. Уақыт өте келе оқушылар офлайн форматқа көшетіндігіне көптеген тұжырымдар бар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *