Мені қоршаған әлем

Нурпейсова Гаухар Борисовна

Мақсаты: Балаларды туған жерге, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Жанды  және жансыз табиғат түсініктерін одан әрі дамыту. Құстар мен өсімдіктерді, жануарларды қорғауға және қамқорлық жасай білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: 4К модельі, сұрақ – жауап, әңгімелесу, В.Воскобович ойын технологиясы, Венн диаграммасы.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,табиғат көрінісі, шығармашылыққа қажетті құралдар, суреттер, ойынға қажетті құралдар.

Ұйымдастыру бөлімі: Балалар, бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңбер құрып, қонақтармен амандасайық.

Балалар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрып, амандасады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбері:

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды

Біз көңілді баламыз,

Біз сүйкімді баламыз.

Табиғатқа қамқор болып

Байлығын біз қорғайық

Әдепті де, әдемі болып,

Жақсылығын  қолдайық.

Тамаша, балалар. Орнымызға отырайық. Балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді  бастамас бұрын, тобымыздың көңіл-күйін анықтап алайықшы.

-Балалар, сендердің көңіл-күйлерің қалай?

-Жақсы.

-Көңіл – күйлеріңді көрсетіңдерші?

-Бас бармақтарымен көрсетеді.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Қар ериді, жаңбыр жауады, күн жылынады, кемпірқосақ шығады, адамдар қысқы киімдерін шешіп, жұқа киімдерін киеді.

-Олай болса, құлпырған шуақты көктемдей, табиғаттың керемет сұлулығын тамашалап, жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз.

Балалар, бізді не қоршап тұр?

-Табиғат.

-Бізді қоршаған әлем (табиғат) нелер жатады?

— Жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, су, топырақ.

-Тамаша балалар.

— Ал табиғаттың өзі нешеге бөлінеді?

-2 ге бөлінеді. Жанды және жансыз табиғат.

-Ия дұрыс айтасыңдар.

-Жанды табиғатқа нелер жатады?

-Жануарлар, адамдар, өсімдіктер, құстар, жәндіктер.

-Жансыз  табиғатқа нелер жатады?

-Тау, тас, күн, су, жер.

-Жанды  табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығы қандай?

— Жанды табиғат өседі, ал жансыз табиғат болса өспейді. Балалар мынау гүл. Ол қандай табиғатқа жатады?

-Жанды .

Ал мынау су, ол – жансыз табиғат.

— Балалар сендер судың қандай қасиетін, пайдасын білесіңдер?

-Стаканда су құйылып тұрады. Балалар суға қарап оның түсін, пайдасын айтады.

-(Оның түсі жоқ, оны біз ішеміз.Сусыз өмір жоқ).

-Балалар қазір біз жансыз табиғатқа тәжірибе жасайтын боламыз.

Тәжірибе: екі стаканда таза су тұрады, біріншісіне біз құм саламыз, ал екіншісіне ештене салмаймыз. Балалар судың қайсысы таза, қайсысы лас су екенін ажыратып, ішуге болатынын, болмайтынын айтуы керек.

-Бірінші станандағы су –таза, оны ішеміз, ал екінші стакандағы су — лас, біз оны ішпейміз. Себебі ол лас. Сондықтан суды ластауға болмайды.

-Ал, балалар енді құмға назар аударайық, үстелдің үстінде тұрған құмның түсі қандай?

-Сары, ал мендегі құмның түсі қандай?

-Қоңыр, не себепті?

-Себебі, бұл құм дымқыл, мен оған су қостым.

-Ал енді сендерде алдарыңдағы құмның біреуіне су құйыңдар.

Қандай өзгешелік байқадыңдар?

-Құрғақ құм жабыспайды, дымқыл құм жабысады.

Ал, енді қолымызбен ұстау арқылы дымқыл және құрғақ құмның пішінін анықтайық.

Жақсы, балалар, манағы стакандағы құмға қараңдаршы, ол ерідіме?

-Жоқ, құм суда ерімейді.

-Ал осы тәжірибе арқылы құмның қандай қасиеттерін байқадыңдар?

-Құрғақ құм: түсі – сары, суда ерімейді, пішіні жоқ

-Ал дымқыл құм: түсі – қоңыр, суда ерімейді, пішіні бар.

-Жарайсындар, балалар. Енді, таза ауада тыныс ала отырып, сергіту жаттығуын жасап алайық.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам

Қанатымды бір қағып,

Құстай болып ұша алам.

-Жарайсыңдар, балалар. Балалар сендер табиғат туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

 

-Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.

-Гүлдерді басуға  болмайды, олар бізге таза ауа береді

-Жабайы жануарларды аулауға болмайды, олардың табиғатқа пайдасы зор

-Құмырсқаларды өлтіруге болмайды, оларда тіршілік иесі.

-Құстардың ұясын бұзуға болмайды, құс адамның  досы.

-Саңырауқұлақтарды басуға болмайы, оларда өсімдіктерге жатады.

(Тыйым сөздерді суреттен тауып, айту)

-Тыйым сөздерді айту арқылы табиғатты қорғап, аялау керек екендігін білдік.

Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Қимылды ойын: «Суретті ағаштан алып үлгер»

Шарты: Музыка әуені ойнап тұрады. Балалар қимыл – қозғалыста болады. Әуен тоқтаған кезде ағаштан бір суретті алады.Суретте жанды , жансыз табиғат екенін айтады. Себебін түсіндіреді.

-Керемет, балалар, жарайсыңдар, өте тапқыр екенсіңдер.

Шығармашылық жұмыс.

3 топқа суреттер арқылы бөліну.

1 топ Көктемде ұшып келіп ағашқа қонған әдемі құстарды  емен ағашының  жаңғақ дәндерімен бейнейді.

2 топ Көктемгі бүршік жарған ағашты моншақтармен  бейнелейді.

3 топ Геоконт тақтайшасы арқылы  гүлдердің бейнесін бейнелейді.

-Балалар өздерінің жасаған  бейнелері туралы айтып береді.

-Керемет, жарайсыңдар балалар. Сонымен табиғат нешеге бөлінеді екен?

-Екіге бөлінеді. Жанды және жансыз.

-Бүгінгі оқу қызметін  Венн диаграммасы арқылы  қорытындылайық.

Бүгін сендер табиғатқа қамқорлық жасау қаншалықты маңызды екенін түсіндіңдер. Енді бүгіннен бастап сендер «Табиғат қорғаушыларысыңдар». Мен сендерге «Мен табиғат қорғаушысымын» деген билет қағазын тапсырамын.

Осымен оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *